Стратегиялық маңызы бар пайдалы қазбалармен жабдықтау тізбектеріндегі қадағалану жүйесінің рөлі

11.03.2025

2025 жылғы 6 наурызда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) мен Халықаралық энергетикалық агенттік (ХЭА) бірлесіп әзірлеген «Стратегиялық маңызы бар пайдалы қазбалармен жабдықтау тізбектеріндегі қадағалану жүйесінің рөлі» атты баяндаманың негізгі тұжырымдары мен ұсынымдарына арналған семинар өтті. Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасының Ұлттық байланыс орталығының Хатшылығы қатысты.

Семинар аясында ЭЫДҰ мен ХЭА сарапшылары стратегиялық маңызы бар ресурстармен жабдықтаудың ашықтығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге қатысты өзекті сын-қатерлер мен перспективаларды талқылады. Сарапшылар шикізаттың шығу тегін, тасымалдануын және қайта өңделуін қадағалауға мүмкіндік беретін қадағалану құралдарын енгізу мен халықаралық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті. Ашық және қадағаланып отыратын жабдықтау тізбектері минералдардың заңсыз айналымын, сондай-ақ қоршаған орта мен әлеуметтік тәуекелдерді азайтуға ықпал етеді.

Семинарда жабдықтау тізбектерін картаға түсіру, ресурстардың қозғалысын құжаттау және мүдделі тараптарға ақпаратты ашық ұсыну механизмдері қарастырылды. Қадағалану жүйесін ынталандыратын реттеуші нормалардың жаһандық ауқымда кеңінен таралып келе жатқаны атап өтілді. Бірқатар елдерде жабдықтау тізбектері туралы заңдар, сирек ресурстарды басқару жүйелері, өнім паспорттары және ұлттық қауіпсіздік шаралары енгізілуде.

Қадағалау жүйелерінің тиімділігін қамтамасыз ететін төрт негізгі компонентке ерекше көңіл бөлінді. Біріншіден, ақпаратты қадағалау және басқару үшін қажетті технологиялық құралдар мен жүйелер. Екіншіден, стратегиялық минералдар сияқты тауарларға қатысты тәуекелдерді бағалау және күтілетін нәтижелерді айқындау. Үшіншіден, жабдықтау тізбегіндегі өзара іс-қимыл мен деректер алмасуды қамтитын кооперация. Төртіншіден, деректерді енгізу, басқару және тексеру талаптары – бұл үдерістерге мүдделі тараптардың қатысуын, үшінші тарап аудитін, сақтау тізбегі стандарттарын және әлеуетті арттыру шараларын қамтиды.

Мыс, литий, никель, графит және сирек жер элементтері сияқты пайдалы қазбалардың қадағалануына ерекше назар аударылды. Бұл ресурстардың жабдықтау тізбектері күрделі және қайта өңделу деңгейі жоғары болғандықтан, әсіресе нарықтың шоғырлану жағдайында мұқият бақылауды талап етеді.

Жалпыға бірдей стандарттардың болмауы қадағалау жүйесінің тиімді жұмыс істеуіне кедергі келтіретіні атап өтілді. Жиналатын деректер дәл әрі сенімді түрде жеткізілуі қажет. Сондай-ақ, қаржыландыру мен салықтық жеңілдіктер секілді экономикалық ынталандыру тетіктері маңызды рөл атқарады.

Семинардың қорытындысында сарапшылар жабдықтау тізбектеріндегі ашықтықты қамтамасыз ету және тәуекелдерді төмендету үшін үкіметтерге басым өнімдерді анықтау, деректер алмасу стандарттарын енгізу, сенім механизмдерін дамыту және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту қажет екенін баса айтты.



Қарау саны: 1
Сақталған: 10.10.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!