Инфрақұрылымды дамытудағы жауапты бизнесті жүргізудің рөлі: Қазақстан, Өзбекстан және Моңғолия мысалдары

08.04.2025

2025 жылғы 2 сәуірде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) инфрақұрылымды орнықты дамыту контекстінде бизнесті жауапты жүргізудің (БЖЖ) маңызына арналған вебинар ұйымдастырды. Іс-шара барысында инфрақұрылымдық жобаларға БЖЖ қағидаттарын енгізу бойынша ЭЫДҰ дайындаған алдын ала аналитикалық қорытындылар таныстырылып, осы саладағы өзекті сын-қатерлер, озық тәжірибелер және құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі практикалық шаралар талқыланды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық байланыс орталығының Хатшылығынан вебинарға Хатшылық қызметкері Наурызов Марат қатысты.

Вебинардың басты тақырыбы – Бизнесті Жауапты Жүргізу шеңберіндегі тиісті зерделеу тұжырымдамасын талқылау болды. Бұл тәсіл бизнес-әріптестер мен операциялық тізбектегі теріс салдарлардың алдын алуға және оларды жоюға бағытталған. Сарапшылар БЖЖ қағидаттарын саясатқа интеграциялау, тәуекелдерді басқару, мониторинг пен есептілік кезеңдерін атап өтті.

Сарапшылар БЖЖ адамның құқықтары мен қоршаған ортаны қорғауға, бизнестің орнықтылығын нығайтуға және Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) мен климаттық міндеттемелерге қол жеткізуге ықпал ететінін атап өтті.

Сонымен қатар, инфрақұрылымдық жобалардың теріс әсерін азайтуға бағытталған құқықтық және саяси шаралар қарастырылды. Экологиялық және әлеуметтік тәуекелдер, жемқорлық және қауіпсіз емес еңбек жағдайлары негізгі сын-қатерлер ретінде аталды. Осыған байланысты стандарттарды күшейту, технологияларды енгізу және құқықтық қорғау тетіктерін дамыту сияқты шаралар ұсынылды.

ЖБЖ-ны тиімді енгізу үшін қажетті жағдайлар да қарастырылды: ұлттық іс-қимыл жоспарлары, мүдделі тараптардың қатысуы және әкімшілік кедергілерді жою.

Мемлекеттің рөліне ерекше назар аударылды, атап айтқанда: орнықты мемлекеттік сатып алулар, ESG-стратегиялар, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстанның орнықты қаржыландыру мен міндетті есептілікті енгізу тәжірибесі.

Вебинар барысында Қазақстан мен Өзбекстан өкілдерінің баяндамалары тыңдалды. Қазақстан тарапынан «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ үздік қолжетімді технологиялар бюросының сараптамалық бағалау басқармасының басшысы Альмурзаева Салтанат Ибрагимқызы сөз сөйледі. Ол инфрақұрылымдық жобаларға БЖЖ қағидаттарын енгізудің маңыздылығын атап өтіп, экологиялық және халық денсаулығына теріс әсерді азайтудың негізгі құралы ретінде үздік қолжетімді технологияларды (ҮҚТ) атап көрсетті. Салтанат Ибрагимқызының айтуынша, бұл тәсілді табысты жүзеге асыру мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам арасындағы тұрақты өзара іс-қимылды талап етеді.

Сондай-ақ, өңірде орнықты технологиялар саласындағы білім алмасу және шешімдерді тарату мақсатында құрылған Орталық Азия технологиялық бюросының қызметі таныстырылды. Өзекті сын-қатерлер қатарында Салтанат Ибрагимқызы ресурстардың шектеулілігін, білікті мамандар тапшылығын және бизнестің халықаралық стандарттар жөніндегі ақпараттану деңгейінің төмендігін атап өтті.

Өзбекстан тарапынан Тенгиз Асанов сөз сөйледі. Ол ЖБЖ-ны 2030 жылға дейінгі ТДМ-ды іске асырудың негізгі құралы ретінде атап өтті. Өз сөзінде ол ЖБЖ жөніндегі жұмыс тобының құрылғанын, ұлттық жол картасына негіз болған инвестициялық шолу әзірленгенін және ESG бойынша міндетті есептілік енгізілгенін хабарлады. Асанов мырза ұйымдар еңбек және экологиялық стандарттарға сәйкестікке тексерілетінін және Өзбекстан халықаралық тәжірибені зерделеуге ашық екенін атап өтті.

Жалпы, өткізілген вебинар БЖЖ қағидаттарының орнықты инфрақұрылымдық даму құрамдас бөлігі ретіндегі маңызды рөлін тағы бір мәрте растады. Талқылау нәтижелері көрсеткендей, Орталық Азия елдері ұлттық саясат пен практикалық қызметке ЖБЖ қағидаттарын интеграциялау бағытында белсенді қадамдар жасауда. Сонымен бірге қатысушылар құқықтық базаны, институционалдық өзара іс-қимылды және ашықтықты қамтамасыз ету тетіктерін одан әрі нығайту қажеттілігін атап өтті.


Қарау саны: 1
Сақталған: 10.10.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!