Сирек кездесетін маңызды пайдалы қазбаларды өндіру саласындағы институционалдық жағдайларды жетілдіру

08.04.2025

2025 жылғы 13 наурызда «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ өкілдері «Сирек кездесетін маңызды пайдалы қазбаларды өндіру саласындағы институционалдық жағдайларды жетілдіру» тақырыбында өткен семинарға қатысты. Іс-шараның мақсаты – жер қойнауын пайдаланудың экологиялық және әлеуметтік аспектілерін, жауапты бизнес жүргізу стандарттарын енгізу мәселелерін және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыру жолдарын талқылау болды.

Семинарды ашқан ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан ЭЫДҰ-ның Жетекші қағидаттарын сақтау маңыздылығын атап өтті. Семинар барысында ЭЫДҰ-ның халықаралық қатынастар жөніндегі директоры Уильям Томпсон минералдық шикізат жеткізу тізбегін құқықтық тексеру жүйесін таныстырды. Ал өңірлік даму жөніндегі директор Сара Купер Қазақстанға сирек кездесетін маңызды пайдалы қазбалар (СКМ) саласын дамыту бойынша қолдау көрсетуге ЭЫДҰ-ның дайын екенін білдірді.

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ атынан Дүниежүзілік экономика орталығының директоры Алибек Райпов сөз сөйледі. Ол Жетекші қағидаттарды ілгерілету ісінде Ұлттық байланыс орталығының рөліне назар аударып, жауапты бизнес жүргізу стандарттарын енгізу инвестиция тартудың және экономиканың орнықты өсуінің маңызды шарты екенін атап өтті.

Семинар аясында ESG-тәуекелдер, су ресурстары, өңдеу және экология салаларындағы сарапшылар баяндама жасады. Қорытындысында қатысушылар шикізатты жергілікті деңгейде өңдеу перспективаларын, экологиялық әсерді азайту жолдарын және Қазақстанды орнықты жаһандық жеткізу тізбектеріне интеграциялау мәселелерін талқылады.

«Экономикалық зерттеулер институты» Қазақстанда жауапты және орнықты жер қойнауын пайдалануды дамыту мақсатында ЭЫДҰ бастамаларын қолдауды және халықаралық серіктестермен өзара іс-қимылды жалғастыра беретін болады.



Қарау саны: 1
Сақталған: 10.10.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!