Медиация – диалог құралы: ЭЫДҰ Ұлттық байланыс орталығының Қазақстандағы тәжірибесі

15.10.2025

2025 жылғы 15 қазанда Республикалық Азаматтық форум аясында «Медиация және азаматтық қоғам: өзара іс-қимылдың жаңа көкжиегі» атты панельдік сессия өтті. Іс-шарада Экономикалық зерттеулер институты Дүниежүзілік экономиканы зерттеу орталығы директорының орынбасары – Жауапты бизнес жүргізу жөніндегі Ұлттық байланыс орталығы (ҰБО) хатшылығының басшысы Жанар Төлегенова сөз сөйледі.

Өзінің «Медиация диалог құралы: ЭЫДҰ Ұлттық байланыс орталығының тәжірибесі» тақырыбындағы баяндамасында спикер ҰБО – құрамында 52 ел бар ЭЫДҰ жаһандық желісінің бір бөлігі екенін атап өтті. Бұл орталықтар Көпұлтты кәсіпорындарға арналған ЭЫДҰ-ның басшылық қағидаттарын ілгерілету үшін құрылған.

ҰБО ҚР Ұлттық экономика министрлігі жанында құрылған және бизнес, мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы диалог алаңы ретінде қызмет атқарады. Орталықтың қызметі көпұлтты кәсіпорындарға арналған ЭЫДҰ-ның басшылық қағидаттарын ілгерілету мен оларды іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған. Бұл қағидаттар адам құқықтары, еңбек стандарттары, экология, ашықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін қамтиды.

Жанар Төлегенова Қазақстанның ЭЫДҰ-ға кіру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын, ал ҰБО институтының дамуы осы процестің маңызды бөлігі екенін атап өтті.

ҰБО рәсімдерінде қолданылатын медиация әдісі дауларды бейбіт жолмен шешуге, сенімді нығайтуға және жауапты бизнес жүргізу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.



Қарау саны: 4
Сақталған: 15.10.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!