Қазақстанның ҰБО Хатшылығының басшысы Mining & Metals Central Asia 2026 алаңында сөз сөйледі

16.09.2026

2026 жылғы 16 қыркүйекте Алматы қаласында Қазақстанның бизнесті жауапты жүргізу жөніндегі Ұлттық байланыс орталығы Хатшылығының басшысы, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Әлемдік экономиканы зерттеу орталығы директорының орынбасары Алишер Базарбаев Mining & Metals Central Asia 2026халықаралық көрмесінің пленарлық сессиясында сөз сөйледі.

Пленарлық сессия «Критикалық минералдар және Қазақстанның тау-кен металлургия кешенінің болашағы: ресурстардан жобаларға дейін» тақырыбына арналды.

«Ресурстардан жаһандық құн тізбектеріне: ЭЫДҰ стандарттары және критикалық минералдар саласындағы жобалардың бәсекеге қабілеттілігі» тақырыбындағы баяндамасында Алишер Базарбаев Қазақстанның жаһандық құн тізбектеріне неғұрлым терең интеграциялануына байланысты бизнесті жауапты жүргізудің, жеткізу тізбектерінің ашықтығының, сондай-ақ экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді жүйелі басқарудың маңызы артып келе жатқанын атап өтті.

ЭЫДҰ-ның тиісті тексеру тәсілдеріне ерекше назар аударылды. Тиісті тексеру компанияларға елеулі тәуекелдерді уақтылы анықтауға, олардың алдын алу және азайту жөнінде шаралар қабылдауға, сондай-ақ инвесторлар мен халықаралық серіктестер үшін жобалардың болжамдылығы мен сенімділігін арттыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Қатысушыларға Қазақстанның Ұлттық байланыс орталығының қызметі де таныстырылды. ҰБО ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттарын ілгерілетуге жәрдемдеседі, бизнес өкілдерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және нақты жағдайларды қарау кезінде бейтарап соттан тыс алаң ретінде әрекет ете алады.

Қорытындысында ресурстық әлеуеттің болуының өзі бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін енді жеткіліксіз екені атап өтілді. Компаниялардың ресурстарды халықаралық құн тізбектеріне интеграцияланған сапалы, ашық және орнықты жобаларға айналдыра білу қабілеті барған сайын маңызды бола түсуде.

Осы тұрғыда ЭЫДҰ стандарттары мен тиісті тексеру тәжірибесі жобалардың сапасын арттырудың, инвесторлар сенімін нығайтудың және Қазақстанның бәсекеге қабілетті тау-кен металлургия секторын дамытудың практикалық құралдарының бірі бола алады.



Қарау саны: 11
Сақталған: 19.09.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!