Қазақстанның ҰБО-сы ZETA компаниясы үшін мамандандырылған тренинг өткізді

18.09.2026

2026 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстанның бизнесті жауапты жүргізу бойынша Ұлттық байланыс орталығы қазақстандық ZETA өндірістік компаниясының басшылығы үшін мамандандырылған тренинг өткізді.


Қазақстан ҰБО Хатшылығының басшысы, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Әлемдік экономиканы зерттеу орталығы директорының орынбасары Әлішер Базарбаев бизнесті жауапты жүргізу бойынша ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттарының негізгі ережелерін және тиісті байқампаздық жүргізу тәсілдерін ұсынды.

Аталған тәсілдердің өндірістік компаниялардың қызметінде нақты қолданылуына негізгі назар аударылды. Тараптар жеткізу тізбегіндегі тәуекелдерді басқару, еңбек жағдайлары, экологиялық әсер, шикізаттың шығу жері және жеткізушілермен өзара әрекеттесу мәселелерін талқылады.

Тәуекелге бағытталған тәсілге ерекше назар аударылды: компанияларға ең алдымен ең маңызды ықтимал және нақты жағымсыз әсерлерді анықтау, басымдықтарды айқындау және олардың алдын алу немесе азайту бойынша шаралар қабылдау ұсынылады.

Сондай-ақ, Қазақстанның ҰБО қызметі таныстырылды. Ақпараттық-түсіндіру және консультациялық жұмыстардан басқа, ҰБО ЭЫДҰ-ның Басшылық қағидаттарын қолдануға байланысты нақты жағдайларды қарау кезінде диалог пен медиация үшін бейтарап соттан тыс алаң ұсына алады.

Кездесу барысында ZETA өкілдері өндірісті жаңғырту, энергия тиімді технологияларды енгізу және пластикті қайта өңдеуді дамыту жөніндегі жобаларды қоса алғанда, компанияның қызметімен таныстырды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі өзара іс-қимыл және практикалық тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін талқылады.


Қарау саны: 10
Сақталған: 19.09.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!