Халықаралық әріптестік

09.10.2020

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Словакияның Сыртқы және еуропалық істер министрі Иван Корчокпен және Қорғаныс министрі Ярослав Надеммен келіссөздер жүргізді.

Ресми кездесулер «Globsec» 15-ші халықаралық форумы аясында өтті.

Тараптар қатынастардың жаңа кезеңінде, оның ішінде Қазақстан мен Еуропалық Одақ және оған мүше мемлекеттер арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде әріптестікті одан әрі арттыруға және кеңейтуге өзара дайындығын білдірді.

СІМ басшылары саяси диалог пен сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту жолдарын егжей-тегжейлі талқылады. Тараптар Экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның (ҮАК) белсенді қызметін, екі мемлекет арасында іскерлік кеңес құру және бизнес-делегациялар алмасу идеясын қолдай отырып, осындай өзара іс-қимылдың зор әлеуетінің бар екенін атап өтті. Сонымен қатар, тараптар KazAID және SlovakAID дамытуға көмек агенттіктері арасындағы ынтымақтастықтың перспективаларын белгіледі.

Тілеуберді мен Қорғаныс министрі Надем арасындағы келіссөздер барысында тиісті үкіметаралық келісімнің құқықтық негізін қамтамасыз ететін әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Қазақстандық бітімгерлерді даярлау саласында тәжірибе алмасу, олардың БҰҰ аясында бітімгершілік операцияларына қатысуын кеңейту мәселелері қаралды. Сондай – ақ, қорғаныс ведомстволары мен компаниялардың басшыларына қару – жарақ пен әскери техниканың екі мамандандырылған көрмесіне-IDEB 2021 және KADEX 2021 қатысуға өзара шақыру айтылды, олар тиісінше келесі жылдың наурыз және маусымында Братислава мен Нұр-Сұлтанда өтуі тиіс.

Сонымен қатар, Министр М.Тілеуберді Словакияның ірі компанияларының басшыларымен кездесті, оның барысында бизнесмендер Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен танысты.

Бүгінгі таңда қазақстандық нарықта словак капиталының қатысуымен 40-тан астам кәсіпорын жұмыс істейді, бұл екі елдің іскер топтарының өзара қызығушылығының маңызды индикаторы болып табылады. Экономикалық өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттары ретінде машина жасау, қорғаныс индустриясы, инжиниринг және инфрақұрылымдық даму, агроөнеркәсіптік кешен, фармацевтика, озық цифрлық технологиялар және оларды Индустрия 4.0 құру процесінде енгізу белгіленді.

Сапар барысында ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдарға қол қойылды. Атап айтқанда, тараптар су және орман шаруашылығы саласында, сондай-ақ туризм саласында өзара тиімді негізде ынтымақтасатын болады.

«Globsec» форумының алаңдарында СІМ басшысы Болгария Премьер-Министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі Екатерина Захариевамен, Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглумен және Украинаның Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Эминэ Жапаровамен келіссөздер жүргізді.

Министр М.Тілеуберді сондай-ақ БҰҰ-ның Ливан бойынша арнайы үйлестірушісі Ян Кубишпен кездесу өткізіп, ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясында айтылған бастамаларын талқылады.


Қарау саны: 3028
Сақталған: 09.10.2020






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!