Банк секторы
16.10.2020
S&P Global Ratings талдамашылары «Банк секторының салалық және елдік тәуекелдерін бағалау: Қазақстан Республикасы» атты жаңа есеп шығарды. Қазақстанның банк секторын (ВВВ-/Тұрақты/А-3) талдамашылар салалық және елдік тәуекелдер деңгейі (Banking Industry Country Risk Assessment-BICRA) бойынша 9 — топқа жатқызды.
Жарияланған ақпаратқа сәйкес, шағын және орта банктер активтерді біріктіруге және сіңіруге, сонымен бірге алдағы екі жылда тіпті нарықтан кетуге дайын болуы керек. Секторда бәсекелестік артады, ірі ойыншылар шағын және орта ұйымдарға үстемдік етеді. S&P талдамашылары сонымен қатар орташа мөлшердегі отандық банктердің салыстырмалы түрде аз капитал қоры бар екенін атап өтті. Одан қолайлы жағдайларда акционерден капитал құйылуын және реттеуші органнан ірі реттелген кредит алған Нұрбанк ерекшеленеді, бұл әрекеттер оған капитал қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Елеулі резервтер қалыптастыра алмаған банктер проблемалық кредиттердің өсуі жағдайында жоғары шығындармен жұмыс істейтін болады. Қарыз алушылар міндеттемелерін орындамайтын «нашар» кредиттердің үлесі (ҚЕХС 9 бойынша 3-кезең) Қазақстанның банк секторында 2020 жылдың ортасындағы 20% – ға қарсы, таяудағы бір жыл-бір жарым жыл ішінде 23-25% - ға дейін өсуі мүмкін. «Біз қазақстандық банктер үшін ҚЕХС бойынша провизиялар көлемі (2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жиынтық кредиттік портфельдің 12,8% - ы) біздің кең анықтамамызға сәйкес проблемалық кредиттерді тиісінше жабу үшін жеткіліксіз деп санаймыз. Біз алдағы екі жылда провизиялар көлемінің шамамен 15% – ға дейін қалыпты өсуін болжап отырмыз», - деп болжады агенттікте. Сонымен бір мезгілде S&P бөлшек кредит қоржынының 2-3% - ға өсуін болжайды, өйткені халықтың кредиттерге сұранысына мемлекеттік қолдау бағдарламаларының орындалуы және халық берешегінің сақталып отырған төмен деңгейі оң әсер етеді. Қазақстанда «үй шаруашылықтарының борышы / ЖІӨ» қатынасы 9,3%-ды құрады, бұл бұрынғысынша салыстырмалы елдердің ұқсас көрсеткіштерінен төмен болып келеді. Бұл ретте агенттікте жеке секторға ішкі кредиттердің ЖІӨ-ге қатынасы 2022 жылдың соңына қарай ЖІӨ-нің 22-23% деңгейінде, яғни шамамен 2019 жылдың аяғындағыдай деңгейде (22%) қалады деп күтілуде. Тұтынушылық және ипотекалық несиелерге сұраныстың қалпына келуіне байланысты алдағы екі жылда ипотекалық несиелендірудің үлесі ЖІӨ-нің шамамен 5% - ына дейін артады. «Біз Қазақстанды банк жүйесіне қолдау көрсетуге дайын мемлекеттер қатарына жатқызамыз. Біздің ойымызша, ел үкіметінің банктерге қолдау көрсетуге мүмкіндігі мен дайындығы бар», - деп санайды агенттікте. Талдамашылар өткен жылдары ел үкіметі «жоғары» және «орташа» жүйелік маңызы бар банктерге қолдау көрсеткенін еске салды.
Қарау саны: 2851 |
|
|