Парламенттік сайлау

21.10.2020

Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау 2021 жылғы 10 қаңтарда өтеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарын сайлау 2021 жылғы 11 қаңтарға белгіленген.

«Бүгін мен Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын тағайындау туралы жарлыққа қол қойдым. Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен барлық деңгейдегі мәслихаттардың (жергілікті өкілді органдардың) депутаттарын сайлау тағайындалды. Алдағы сайлау конституциялық мерзімде 2021 жылғы 10 қаңтарда өтеді. Барлық саяси партиялардың алдағы сайлау науқанына қатысуға дайындалуға, сайлауалды тұғырнаманы әзірлеуге, партиялық инфрақұрылымды жетілдіруге уақыты болды», - деп жеткізді Президенттің сөзін Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы алдағы мәслихаттар сайлауы алғаш рет партиялық тізімдер бойынша өтетінін атап өтті. Пропорционалды модель әлемдік демократиялық практикаға толық сәйкес келеді, саяси жүйені нығайтуға, демократияны дамытуға ықпал етеді, саяси партиялардың қызметін жандандырады.
 
«Бұл жаңашылдықтар партияларға елдің саяси жүйесіндегі өз позицияларын нығайту үшін қосымша мүмкіндіктер береді», – деп түйіндеді Президент.

Мәжілістің алдыңғы, кезектен тыс сайлауы 2016 жылғы наурызда өтті. Онда төменгі палатадағы «Нұр Отан» партиясы 82,2% дауыспен жеңіске жетті. Мәжіліске Қазақстанның Коммунистік Халық партиясы мен «Ақ жол» партиясы да өтті.




Қарау саны: 3132
Сақталған: 21.10.2020





Төрағаның блогы Әлемдегі жаңалықтар Қазақстан экономикасының оқиғалары Институттың жаңалықтары Пікір айдары National Economy: MONITOR Journal of Economy and Finance Пікір-талас клубы Сауалнама
2025
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!