Президенттің сөзі

22.10.2020

Қазір-Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиындарды өткізетін уақыт емес, деп хабарлады Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

«Келесі жыл - Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы. Ол экономикалық және саяси реформалар, цифрландыру, адамдардың құқықтарын қорғау, денсаулық сақтау мен білім беруді дамыту, экологияны қорғау белгісімен өтуге тиіс.

Бұл маңызды тарихи күнге орай көптеген мерекелер өткізетін уақыт емес. Істі кейінге қалдырмай, біз қысқа мерзімде нақты нәтижелерге қол жеткізуге міндеттіміз
», - деп түйіндеді ол

Мемлекет басшысының айтуынша, қазіргі уақытта әлем күрделі кезеңді бастан кешуде. Коронавирустық пандемия халықаралық қатынастардағы көптеген проблемаларды ашты, экономикалық өзара іс-қимылдың белгіленген қағидаларын қайта қарауға әкелді, жаңа әлеуметтік үрдістердің негізін қалады және технологиялық инновацияларды өзектендірді.
 
«Біз мемлекет институтының өзі беріктік пен тиімділік сынақтарынан өтіп жатқанын көріп отырмыз. Мұндай жағдайда көптеген жаһандық және өңірлік жобалардың келешегі бұлыңғыр болып көрінеді, кең таралған идеологиялық және философиялық тұжырымдамалар ауқымды тексеріске ұшырайды», - деді ол Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет өзінің азаматтар алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін орындауы тиіс екенін атап өтті. «Жоғары экономикалық кеңестің алдында экономиканы дамытудың мүлдем жаңа тәсілдерін әзірлеу міндеті тұр. Атап айтқанда, постпандемиялық кезеңнің жаңа сын - қатерлеріне төтеп беруге дайын болу үшін салық және фискалдық саясатқа қатысты
», - деп қосты ол.

Естеріңізге сала кетейік, Президент Әлеуметтік кодексті дайындауды ұсынды. Бұл қағидатты түрде жаңа құжат ерекше мәртебеге ие болады, оның пайда болуымен елдің әлеуметтік бағдарланған бюджеті барынша ашық әрі түсінікті болады.


Қарау саны: 2963
Сақталған: 25.03.2025





Төрағаның блогы Әлемдегі жаңалықтар Қазақстан экономикасының оқиғалары Институттың жаңалықтары Пікір айдары National Economy: MONITOR Journal of Economy and Finance Пікір-талас клубы Сауалнама
2025
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!