Кәсіпкерлік мәселелері:

26.10.2020

Үкіметте өңірлердің интерактивті экономикалық картасы таныстырылды. Жоба Қазақстан облыстарының өндіріс бағыттарын анықтауға және мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін зерделеуге көмектеседі.

Картаға Қостанай, Қарағанды облыстары мен Шымкент қалаларының деректері енгізілген.

«Өңірлердің интерактивті экономикалық картасы 2021-2025 жылдарға арналған өңірлік даму бағдарламаларын әзірлеу үшін негіз болуға тиіс. Мерзімді негізде деректерді өзектендіруді қамтамасыз ету қажет. Жобалық кеңсе әкімдіктер мен даму институттары үшін көрсеткіштердің толық тізбесін анықтауы керек», – деп атап өтті премьер-министр Асқар Мамин кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық кеңсенің отырысы барысында, 22-шi қазанда.
 
Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі отырыста «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының іске асырылуы талқыланды. Ол бойынша 603 млрд теңгеге 2,5 мыңға жуық жоба мақұлданды.

1 қазаннан бастап «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына түзетулердің алтыншы топтамасы күшіне енді, олар экономикалық белсенділікті қалпына келтіруде елеулі қолдау көрсетуге арналған.

Осылайша, Қазақстанның даму банкінің бағдарлама операторы ретінде қосылуы импортты алмастыруға бағытталған инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді. «Даму» қорының кепілдіктерін қарау және беру мерзімдерін 25-тен 15 жұмыс күніне дейін қысқарту көзделген. АӨК саласындағы жобалар үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның 50-ден 85 пайызға дейінгі мөлшерде кепілдік беру тетігі енгізілді.

«Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдетілген кредит беру бағдарламасы бойынша 603 миллиард теңге сомасына 2 492 жоба мақұлданды, 364,5 миллиард теңге сомасына 2 192 жоба субсидияланды. Жаңа жобаларды пысықтау бойынша Алматы, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстары көшбасшы болды, ең төмен көрсеткіштер Ақмола, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелді.

Мемлекет басшысының бизнестің қарсы міндеттемелеріне цифрлық бақылауды енгізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес премьер-министр бір ай мерзімде заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу мәселесін пысықтауды тапсырды.


Қарау саны: 3063
Сақталған: 26.10.2020





Төрағаның блогы Әлемдегі жаңалықтар Қазақстан экономикасының оқиғалары Институттың жаңалықтары Пікір айдары National Economy: MONITOR Journal of Economy and Finance Пікір-талас клубы Сауалнама
2025
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!