БҰҰ күні

24.10.2020


23 қазанда Ұйымның 75 жылдығына орай Біріккен Ұлттар Ұйымының «UN75: ортақ күшпен ортақ болашақ» атты онлайн мерекесі өтті. 

Іс-шараға БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ақмарал Арыстанбекова және дипломатиялық корпус, азаматтық пен бизнес қоғамдастық, медиа және мәдениет өкілдері қатысты. 

Қазақстан адамзат өмірінің әлеуметтік, экономикалық, климаттық жағдайларын жақсартуға бағытталған барлық пікірталастар үшін ауқымды және ашық UN75 жаһандық диалогының ең белсенді қатысушыларының бірі болды.

«Әлемде өзгерістер болып жатыр. Біз өсіп келе жатқан теңсіздікке, ұзаққа созылған қақтығыстарға және зорлық-зомбылықтың жаңа түрлеріне негізделген тәуекелдерге тап боламыз. Бұл үрдістерді жеңу үшін ынтымақтастық қажет...»- деп мәлімдейді UN75 жобасы. Оның негізін қалаушылар, БҰҰ өкілдері әркімнің дауысы қатты естілетініне және бұл іс-әрекет жасауға бастама болатынына сенімді.

Сауалнамаға 35 мыңнан астам қазақстандық қатысты, респонденттердің көпшілігі халықаралық ынтымақтастықты күшейту, денсаулық сақтау саласына, көші-қонға, сондай-ақ климаттың өзгеруіне назар аудару қажеттігін атап өтті.

Қазақстандағы БҰҰ тұрақты үйлестірушісінің м.а. Якуп Бериш мырзаның айтуынша: «Қазақстандағы БҰҰ кеңсесінің жұмысы басталған сәттен бастап БҰҰ Елдік командасы Қазақстан халқы мен үкіметіне орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу бойынша айтарлықтай қолдау көрсетіп келеді. Осыған байланысты біз БҰҰ-ның орнықты даму саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жаңа негіздемелік бағдарламасын үкімет, азаматтық қоғам, ғылыми орта, жеке сектор, бұқаралық ақпарат құралдары, халықаралық қоғамдастық және Ұйымның өзін қоса алғанда, негізгі әріптестердің күш-жігерін шоғырландыру және ресурстарын жұмылдыру арқылы 2030 жылғы даму және күн тәртібін орындау саласындағы ұлттық басымдықтарды одан әрі ілгерілету тетігі ретінде қарастырамыз». 

Экономикалық зерттеулер институты Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесінің Хатшылығы болып табылатынын атап кеткіміз келеді. Институт сараптамалық-талдамалық қолдау көрсете отырып, Қазақстанда ОДМ іске асырудың бірыңғай саясатын қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Экономикалық зерттеулер институты UN75 жобасына қатысып, осылайша БҰҰ қағидаттарына адалдығын білдірді.

Ұйымның 75 жылдығы елдер мен континенттерді біріктіретін айтулы күн болып табылады. Бұл бүкіл әлемде болып жатқан үлкен күйзелістер кезеңінде өте маңызды болып келеді,  деп санайды ЭЗИ сарапшылары.

БҰҰ күні бүкіл әлемде БҰҰ қызметі мен жетістіктерін қорытындылау, Ұйымның жоғары миссиясына қоғамның назарын аудару мақсатында кездесулер, дөңгелек үстелдер мен көрмелер өтті. 

UN75 жаһандық науқаны аясында бүкіл әлем бойынша 200-ден астам ғимараттар, сәулет ескерткіштері мен көпірлер көгілдір түске боялды. Қазақстан да халықаралық акцияға қосылды. 23-24 қазан аралығында Нұр-Сұлтан мен Алматы тұрғындары және қонақтары «Бәйтерек» монументі, «Қазақстан темір жолы» мұнарасы және «Қазақстан» қонақ үйі сияқты көрікті жерлердің мерекелік шамдарын тамашалады.



Тікелей эфир кезінде БҰҰ-ның 75 жылдығына арналған музыкалық бейнеклиптің премьерасы өтті. Белгілі музыкант, Нұр-Сұлтан қаласы филармониясының симфониялық оркестрінің дирижері Ернар Нұртазиннің орындауында Назқоңыр мен Балбырауын шығармаларының кавер нұсқасы шырқалды. Жоба бойынша жұмыс жасаған Ернар Нұртазин өз әсерлерін атап өте отырып, «Көрермендер бүкіл адамзат үшін бейбітшілікке, даму мен өркендеуге шақыратын біздің туындымыздың месседжін сезінуі үшін біз туындыны оң арнада жасауға тырыстық», - деп атап өтті.

Іс-шараның жазбасын Facebook парақшасынан көруге болады:


Анықтамалық ақпарат
  • Ондаған жылдар бұрын БҰҰ әлемдік ауқымда бітімгершілік, халықаралық сахнада әділеттілік орнатуға қатысудың синонимі болды. Ұйымның шекарасы жоқ және соғыстан кейінгі Еуропада пайда болуынан бастап, көптеген елдердің мойындауына дейін ұзақ жол жүріп, бүкіл әлемді біріктіреді. 2020 жылғы жағдай бойынша 193 ел БҰҰ мүшесі болып табылады.
  • 1945 жылдан бастап БҰҰ қолдауымен өңірлік қақтығыстарды аяқтаған 170-тен астам бейбіт келісім жасалды.
  • БҰҰ көмегімен әлемнің 80-нен астам елі тәуелсіздікке ие болып, егемен мемлекетке айналды.
  • БҰҰ — ның күш-жігерінің арқасында адам құқықтары, терроризмге және халықаралық қылмысқа қарсы күрес, босқындар, қарусыздану, тауарлар және Әлемдік мұхитты қорғау бойынша 500-ден астам көпжақты шарттар жасалды.
  • Дүниежүзілік азық — түлік бағдарламасы — гуманитарлық көмекпен айналысатын әлемдегі ең ірі мекеме-жыл сайын әлемнің 80 елінде орта есеппен 90 миллион адамды аштықтан құтқарады. 2020 жылы БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы Нобель сыйлығының лауреаты атанды.



Қарау саны: 2939
Сақталған: 26.10.2020






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!