Сауда және интеграция министрлігі:

26.10.2020

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ОКҚ-да (Орталық коммуникациялар қызметі) сөйлеген сөзінде экспорттық әлеуеті бар 16 экономикалық сектор туралы хабарлады.

«Біз өндірістік мүмкіндіктерімізді және әлемдік сауда нарығын талдадық. Экспортты арттыру үшін жалпы сомасы $ 13,4 млрд - тан астам перспективалы 16 сектор анықталды», - деп бөлісті Бақыт Сұлтанов.

Женеваға жұмыс сапары барысында Бақыт Сұлтанов Қазақстан Швейцария нарығына қосымша жеткізе алатын $275 млн-ға 40 тауардың тізімін ұсынды: мұнай-химия, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, металлургия өнімдері және құрылыс тауарлары.

Президенттің қыркүйек айындағы Жолдауын іске асырудағы сауда ведомствосының рөлі туралы айта келе, Сұлтанов биржалық сауда туралы тапсырманың орындалу барысын түсіндірді:

«Алғашқы қадаммен біз биржалық тауарлар тізімін кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, биржаға қатысушылардың санын арттыру үшін біз жеткізу партиясының ең аз мөлшерін 600-ден 60 тоннаға дейін азайтамыз. Яғни, біз шағын және орта өндірушілерге өз өнімдерін биржа арқылы сатуға мүмкіндік береміз».

Министрдің айтуынша, тауар биржалары бойынша барлық жұмыстар сауда-саттыққа жергілікті және шетелдік қатысушыларды барынша тартуға бағытталатын болады. Бұл көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетуге және биржалық тауарларға барабар нарықтық баға белгілеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.



Қарау саны: 2844
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!