Әділет министрлігі:

27.10.2020

Қасым-Жомарт Тоқаев Әділет министрлігінің биылғы 9 айдағы қызметінің нәтижелері туралы есепті тыңдады.

Әділет министрі Марат Бекетаев Мемлекет басшысына коронавирус пандемиясымен күрес бойынша бірқатар заң жобаларын сүйемелдеу, олардың құқықтық сараптамасын қамтамасыз ету және Парламентте өтуі бөлігінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады.

Министрдің айтуынша, заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мүшелерімен бірлесіп, Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспарының жобасы қалыптастырылды: «Жоспар жобасы 19 заң жобасын әзірлеуді қарастырады. Олар сақтандыру нарығы мен бағалы қағаздар нарығын реттеу және дамыту, биржалық сауда, көлік, жер қатынастарын дамыту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, құқық қорғау қызметі, геодезия, картография, волонтерлік қызмет пен қайырымдылық, инновациялық және ғылыми – техникалық даму, биологиялық қауіпсіздік және т.б. салаларды одан әрі дамытуға бағытталған».

Бұл ретте алдағы жылы үш жаңа заң жобасын әзірлеу көзделіп отыр:
  • «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы»
  • «Әскери полиция органдары туралы»
  • «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы»
Сонымен қатар, алдағы жылы, Бекетаевтың айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарынан туындайтын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биржалық сауданы дамыту және жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  екі заң жобасы әзірленіп, Парламентке енгізіледі».

Жалпы, жоспар жобасында қарастырылған 19 заң жобасының ішінен 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында Парламентке бес, ал екіншісінде – 14 заң жобасын енгізу жоспарлануда.

«Құқықтық актілер туралы» Заңға сәйкес жоспар жобасы мемлекет басшысымен келісуге жатады. Жоспар жобасын Президент Әкімшілігіне жолдау ұсынылады», - деді Әділет министрлігінің басшысы үкімет отырысында.




Қарау саны: 3049
Сақталған: 27.10.2020





Төрағаның блогы Әлемдегі жаңалықтар Қазақстан экономикасының оқиғалары Институттың жаңалықтары Пікір айдары National Economy: MONITOR Journal of Economy and Finance Пікір-талас клубы Сауалнама
2025
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!