Әділет министрлігі:
27.10.2020
Қасым-Жомарт Тоқаев Әділет министрлігінің биылғы 9 айдағы қызметінің нәтижелері туралы есепті тыңдады.
Әділет министрі Марат Бекетаев Мемлекет басшысына коронавирус пандемиясымен күрес бойынша бірқатар заң жобаларын сүйемелдеу, олардың құқықтық сараптамасын қамтамасыз ету және Парламентте өтуі бөлігінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады. Министрдің айтуынша, заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мүшелерімен бірлесіп, Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспарының жобасы қалыптастырылды: «Жоспар жобасы 19 заң жобасын әзірлеуді қарастырады. Олар сақтандыру нарығы мен бағалы қағаздар нарығын реттеу және дамыту, биржалық сауда, көлік, жер қатынастарын дамыту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, құқық қорғау қызметі, геодезия, картография, волонтерлік қызмет пен қайырымдылық, инновациялық және ғылыми – техникалық даму, биологиялық қауіпсіздік және т.б. салаларды одан әрі дамытуға бағытталған». Бұл ретте алдағы жылы үш жаңа заң жобасын әзірлеу көзделіп отыр:
Жалпы, жоспар жобасында қарастырылған 19 заң жобасының ішінен 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында Парламентке бес, ал екіншісінде – 14 заң жобасын енгізу жоспарлануда. «Құқықтық актілер туралы» Заңға сәйкес жоспар жобасы мемлекет басшысымен келісуге жатады. Жоспар жобасын Президент Әкімшілігіне жолдау ұсынылады», - деді Әділет министрлігінің басшысы үкімет отырысында.
Қарау саны: 2923 |
|
|