Фискалдық мониторинг тетігі
30.10.2020
Еуразиялық экономикалық комиссияда фискалдық мониторинг жүйесін енгізу мәселелері белсенді талқылануда. Бұл тетікті қалыптастырудың мақсаты ҚҚС нөлдік мөлшерлемесін автоматты түрде растау, жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің электрондық форматына көшу және ЕАЭО өзара саудасында тауарларды өткізудің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.
Талқылау шеңберінде қазақстандық тарап фискалдық мониторинг тетігін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасындағы тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың (ТІЖ) жұмыс тетігін таныстырды. Тараптар қазақстандық тәсілді тұжырымдамалық түрде қолдады. Шын мәнінде, салық төлеушіде ТІЖ қолдану міндеттілігі енгізілген тауарларды жөнелту және өткізу кезінде электрондық жүкқұжаттарды қолдану мүмкіндігі пайда болады. Сондай-ақ кеден және салық органдарына қағаз жүкқұжаттарының көшірмелерін беру қажеттілігін болдырмау. ЕАЭО - да әзірленіп жатқан тетік тауарлар экспорты кезінде ҚҚС-тың нөлдік мөлшерлемесін қолдануды растау және ҚҚС-ты қайтару рәсімін оңайлатуға, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің салық органдары арасында өзара ақпарат алмасу арқылы бизнеске әкімшілік жүктемені айтарлықтай төмендетуге тиіс. Салықтық әкімшілендіру процестерін цифрландыру ЕАЭО-да тауарлардың өткізілуін бақылау жүйесінің ашықтығына ықпал ететін болады. Бұдан басқа, тұтынушылар тауарлардың сапалық сипаттамалары туралы, оларды әкелу мен өндірудің заңдылығы туралы сенімді ақпаратқа қол жеткізе алады. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 9 қазанда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Мамин «ЕАЭО цифрлық интеграциялық платформасы және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің салық және кеден органдарының кеңейтілген электрондық өзара іс-қимылы арқылы өзара саудадағы салықтарды әкімшілендіруді цифрландыру мәселесін пысықтауды» ұсынған болатын.
Қарау саны: 2925 |
|
|