Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру

03.11.2020

Мемлекеттік қызметтер үшін бажды QR-код арқылы - кез келген қазақстандық банктің немесе "Қазпошта" АҚ қосымшасының және Activ ұялы операторының мобильді қосымшалары арқылы төлеуге болады.

Ол үшін:
  1. ХҚКО менеджерінен төлем жасау үшін сізге QR-кодты ұсынуын сұрау;
  2. мобильді қосымшалардың бірі арқылы осы кодты сканерлеу;
  3. төлем жасау қажет;
  4. egov.kz порталында алуға болатын мемлекеттік қызметтер тізімімен QR кодын сканерлеу арқылы толығырақ танысуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын QR-код бойынша некені тіркеуге өтініш беру мүмкіндігі туралы хабарланған болатын.

Сондай-ақ проактивті мемлекеттік қызметтер қатарында мыналар бар:
  • баланың тууын тіркеу;
  • баланы балабақшаға кезекке қою;
  • заңды тұлғаны ашу;
  • салық есептілігін қабылдау (250-ші нысан).
Бұл қызметтерді компьютерде алған кезде ЭЦҚ-ға қол қоюдың орнына QR-кодты сканерлеп, eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы қызметті алуға арналған сұрау салуға қол қою жеткілікті. Компьютерде ЭЦҚ пайдалану үшін қосымша бағдарлама орнатудың қажеті жоқ.

EGov mobile қосымшасын App Store және PlayMarket платформаларында жүктеуге болады.


Қарау саны: 2868
Сақталған: 03.11.2020






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!