Инновациялық экономика

04.11.2020

Орталық Азиядағы IT-стартаптардың ірі технопаркі Astana Hub HexGn халықаралық зерттеу және консалтингтік ұйымымен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. Компания өз бағдарламаларын әлемнің 20-дан астам елінде жүзеге асырады.
 
Ынтымақтастық аясында HexGn Startup Explore бағдарламасын іске қосады. Бұл қазақстандық студенттер мен жоғары сынып оқушылары үшін инновациялық экономикада жұмыс істеуге мамандарды оқытуға және даярлауға бағытталған 24 апталық преакселерациялық бағдарлама. Бағдарлама тегін оқуға гранттарды қарастырады.

Оқыту ағымдағы жылдың 30 қарашасында басталады және жасанды интеллект, финтех, киберқауіпсіздік, электрондық коммерция және т. б. салалардағы сарапшылармен теориялық және практикалық сабақтарды қамтиды. Жастар өздерінің стартап-жобасын бастауға және инновациялық экономикада жұмыс істеу үшін қажетті дағдыларды дамытуға мүмкіндік алады.

Бағдарламаға қатысуға өтінімді барлық қазақстандық студенттер мен жоғары сынып оқушылары жібере алады. Өтінімдерді қабылдау 2020 жылғы 25 қарашаға дейін ұзартылды.  Оқыту тілі-ағылшын. Нәтижесінде қатысушылар Startup Explore өткендігі туралы сертификаттарға ие болады.


Қарау саны: 3033
Сақталған: 05.11.2020





Төрағаның блогы Әлемдегі жаңалықтар Қазақстан экономикасының оқиғалары Институттың жаңалықтары Пікір айдары National Economy: MONITOR Journal of Economy and Finance Пікір-талас клубы Сауалнама
2025
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!