Заңға түзетулер

05.11.2020

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020 – 2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы»; "2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды.

Нақтыланған болжам бойынша 2020 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ көрсеткіші 2,1% - ды құрайды. Номиналды ЖІӨ 69,8 трлн теңге көлемінде бағаланады, бұл бұрын нақтыланғаннан 102 млрд теңгеге жоғары. Бұл 2019 жылғы базалық көрсеткіштің өсуіне байланысты.

Заңда мұнайдың болжамды бағасы барреліне $20-дан $40-қа дейін өсті.

Республикалық бюджеттің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) 2020 жылы 6 трлн 539 млрд теңге көлемінде бағаланады. Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт өзгермейді және 4 трлн 770 млрд теңге мөлшерінде сақталды.

Республикалық бюджет шығыстары бекітілген көрсеткішке қарағанда 205 млрд теңгеге ұлғаюмен 14 трлн 475 млрд теңге көлемінде болжануда.

Бюджет тапшылығы ЖІӨ-ге 3,5% немесе $4,2 млрд деңгейінде сақталды.

Көрсетілген міндеттерді шешу үшін бюджет жобасында қосымша 238,7 млрд.теңге көзделген.




Қарау саны: 2793
Сақталған: 05.11.2020






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!