Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры:

06.11.2020

«Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ «Қазақстандық Ипотекалық компания» ИҰ» АҚ қосылу жолымен өз қызметін тоқтатты.

Осылайша, Қордың үлестік құрылысты аяқтау бойынша кепілдіктер беру жөніндегі функциялары Қазақстандық ипотекалық компанияға ауысты.

Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторын құру аяқталу сатысында. Оның атауын «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» деп өзгерту жоспарлануда.

ҚИК сондай-ақ құрылыс салушыларды субсидиялау бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының функциялары берілетін болады.

Бірыңғай оператор жеке құрылыс салушылармен және жергілікті атқарушы органдармен мынадай құралдар арқылы қолжетімді тұрғын үй салу бойынша ғана жұмыс істейтін болады:
  1. әкімдіктердің облигацияларын сатып алу тетіктері арқылы тұрғын үй құрылысын қаржыландыру;
  2. үлестік құрылысты аяқтау бойынша кепілдіктер беру;
  3. жеке құрылыс салушылардың коммерциялық кредиттері бойынша субсидиялау;
  4. әкімдіктер жанындағы уәкілетті ұйымдарға, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде тұрғын үй салуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға кредит беру;
  5. инвестициялық жобаларды қаржыландыру және іске асыру;
  6. тұрғын үй құрылысы мәселелері бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу;
  7. уәкілетті органның лицензиясы негізінде ипотекалық қызмет;
  8. қолжетімді тұрғын үй құрылысы мәселелері бойынша стратегиялық IT-бастамаларды дамыту.
«Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша өзінің тұрғын үй блогын оңтайландыруды жүргізетін «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы.

Қызметті оңтайландыру және қайталанатын функцияларды алып тастау есебінен жалпы әкімшілік шығыстар 40% - ға немесе 3,4 млрд теңгеге қысқартылатын болады. Штат саны 32% - ға немесе 101 бірлікке, оның ішінде басқару буыны қысқартылатын болады.


Қарау саны: 2955
Сақталған: 06.11.2020






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!