ЕЭК-ке тағайындау:
09.11.2020
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен Арман Шаққалиев Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жаңа мүшесі (министр) болып тағайындалды.
Оның құзыретіне Еуразиялық экономикалық одақтың трансшекаралық нарықтарындағы монополияға қарсы реттеу және бәсекелестік мәселелері кіреді. Әр жылдары Арман Шаққалиев Қазақстан Республикасының Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінде басшылық қызметтерді атқарды. 2008 жылдан бастап 2016 жылға дейін Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институтының директоры болды, 2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін ЕЭК Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментін басқарды. Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министр лауазымына тағайындалар алдында ЕЭК Инвестициялар және сауда министрлігінде және Сауда және интеграция министрлігінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы лауазымын атқарды. Арман Шакқалиев бұл қызметте Қазақстанның бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болған Серік Жұманғариннің орнына келді.
Қарау саны: 2730 |
|
|