Үкіметтің тапсырмасы:

10.11.2020

Үкімет басшысы Асқар Мамин өңірлерге әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізу және Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді тиімді іске асыруды қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдауды тапсырды.

«Қаржы министрлігіне өңірлермен бірлесіп, республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің жоспарларын орындауды тапсырамын. Мемлекеттік органдар мен өңірлер де бюджет қаражатын толық әрі тиімді игеруді қамтамасыз етіп, жыл соңына дейін басталған барлық жобаларды аяқтап, белгіленген жоспарларға қол жеткізеді», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысы барысында ведомстволар басшыларына.

Өз кезегінде ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдардан бөлінген қаражатты игеруді жеделдетуді сұрады.

Қаржы министрлігі басшысының мәліметінше, жергілікті бюджеттердің шығыстары 6,4 трлн. теңгені құрады. 128 млрд.теңге - орындалмады.

«Ағымдағы жылы өңірлерге 2,3 трлн. теңге сомасына нысаналы трансферттер қарастырылған. Алдын ала мәліметтер бойынша, 1 қарашаға оларға 1,7 трлн. теңге бөлінді. Оның 98,2% игерілді. 31 млрд. теңге орындалмаған, оның ішінде 7 млрд.теңге үнемделген, 24 млрд.теңге игерілмеген», - деп нақтылады Ерұлан Жамаубаев.

Ең көп игерілмеу, министрдің айтуынша, келесі өңірлерде қалыптасты: Ақтөбе облысында – 3,2 млрд.теңге, Алматыда – 3 млрд. теңге, Солтүстік Қазақстан облысында-2,5 млрд. теңге, Батыс Қазақстан облысында – 2,3 млрд. теңге, Түркістан облысында-1,9 млрд. теңге.

«Қаржы жылы аяқталғанға дейін аз уақыт қалды. Сондықтан орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар жоспарланған қаражатты ғана емес, Үкімет резервінен бөлінген ақшаны да игеруді жеделдетуі қажет», - деп атап өтті Жамаубаев.


Қарау саны: 2738
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!