ШЫҰ отырысы

11.11.2020

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қарашада Ресей Федерациясының төрағалығымен өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында бейнеконференция форматында сөз сөйледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзін Ресей үкіметіне аталған іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыс айтудан бастады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды таяудағы президенттік сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтап, Қырғыз Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаровтың отырысқа қатысқанын атап өтті.

"Біздің арамызда саяси дағдарыс кезеңінде бауырлас еліміздің тағдыры үшін жауапкершілікті өз мойнына алған Қырғыз Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаров бар. Коронавирус пандемиясы бізге бетпе - бет кездесуге мүмкіндік бермеді, бірақ бұл саммиттің маңыздылығын төмендетпейді", - деді Тоқаев.

Қазақстан Президенті сөйлеген сөзінің негізгі бөлігінде ШЫҰ-ның мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы мен сенімін нығайту құралы ретіндегі тиімділігін атап өтті.

"Құрметті әріптестер! Өткен 20 жыл ішінде біз үлкен жол жасадық. ШЫҰ ең табысты халықаралық ұйымдардың біріне айналды. Ол әлем аумағының төрттен бір бөлігін, жер халқының 40 пайызын және әлемдік ЖІӨ-нің үштен бір бөлігін қамтитын кеңістікте ынтымақтастық пен сенімді нығайтудың тиімді құралы ретінде әрекет етеді. Сонымен қатар, ШЫҰ жауапкершілік аймағындағы жағдай өте күрделі болып табылады және терең трансформация процесіне кірді. Коронавирус әлемдік қауымдастық үшін қатаң сынаққа айналды, халықаралық ынтымақтастықтың барлық кемшіліктерін айқын көрсетті", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы пандемия жаһандық державалар арасындағы сенім дағдарысын ушықтырғанын атап өтті. Алдын алу дипломатиясы мен жанжалды реттеудің қолданыстағы тетіктері елеулі ақауларға алып келді.

"Терроризм, қару жарысы, түрлі гибридтік соғыстар, климаттың өзгеруі сияқты қауіпсіздік қатерлері күшейе түсуде. Геоэкономика саласында екі полярлық үрдістің қақтығысы байқалады: глобализм және ұлтшылдық (...) ",- деді Тоқаев.

Қасым - Жомарт Тоқаев пандемияға қарсы ұзақ күрес, оның азаматтарымыздың денсаулығына, сондай-ақ Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің экономикасына әсері болатынын атап өтті.

"Бүгінгі отырыста эпидемияға қарсы іс - қимыл жөніндегі бірлескен іс-қимылдың кешенді жоспарын бекіт бұл уақыт сын-тегеуріндеріне ұжымдық жауап деп пайымдауға болады. ДДҰ қамқорлығымен ауруларды бақылау және биологиялық қауіпсіздік жөніндегі өңірлік орталықтар желісін құру туралы бастамамызды маңызды деп санаймыз", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, ШЫҰ қауымдастығы үшін Ауғанстанды қалпына келтіру мәселесі өзекті болып табылады. Тоқаев Қазақстан ШЫҰ-Ауғанстан байланыс тобы аясындағы ынтымақтастықты осы елдің әлеуметтік-экономикалық оңалтуына баса назар аудара отырып жалғастыруға дайын екенін атап өтті.

"Жаһандық қару жарысының күшеюі биологиялық қаруды бақылау жүйесін іске қосу қажеттілігін өзекті етеді. Биотерроризм қаупіне байланысты тәуекелдерді бәріміз жақсы білеміз. БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-ші сессиясы барысында мен биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құруды ұсындым. Бұл мәселеде ШЫҰ бойынша әріптестерімнің қолдауына сенемін", - деді Тоқаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы жобалық қызметті қаржыландыру тетігін құру жөніндегі келіссөздерді жеделдету қажеттігін айтты.

"Мұндай жұмысқа өзара есептесудегі ұлттық валюталар үлесін біртіндеп арттыру жөніндегі жол картасы түріндегі шаралардың қабылдануы, сондай - ақ Еуразиялық қаржылық консультациялық тетіктің құрылуы жақсы серпін берер еді", - деді Тоқаев.

Тоқаев ШЫҰ-ға мүше елдер арасындағы сауданы кеңейту үшін шешуші маңызы бар көлік-логистикалық ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, Жолдарды дамыту бағдарламасын келісу және қол қою бойынша бірлескен жұмысқа дайын екенін айтты.

 


Қарау саны: 2905
Сақталған: 11.11.2020






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!