ШОБ қолдау

13.11.2020

Сенат депутаттары шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау шараларын түрлі алаңдарда талқылады. Нәтижесінде кәсіпкерлер үшін 3% салық енгізу бойынша түзету қабылданды.

«Пандемиядан зардап шеккен секторларды қолдау үшін шағын және орта бизнесті екі жылға ҚҚС пен әлеуметтік салықтан босату ұсынылады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша табыстың 3% мөлшерінде бөлшек салық енгізіледі», — деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.

Енді 10-20% корпоративтік және 10% жеке табыс салығының орнына компаниялар мен жеке кәсіпкерлер баламалы бөлшек салықты бар болғаны 3% мөлшерінде төлеуге тиіс болады.

«Шағын және орта бизнес пандемияның негізгі соққысын өз мойнына алып, қиын кезеңдерді бастан өткеруде. Сондықтан заң жобасы аясында Мемлекет басшысының ұсынысы бойынша сенаторлар бөлшек салықтың жаңа режимінің нормаларын ұсынды», — деп түсіндірді сенатор Еділ Мамытбеков.

Сенаторлар салық жүктемесін азайтып қана қоймай, бизнеске мемлекеттік қолдаудың басқа да түрлерін көрсету қажет деп санайды. Экономиканың неғұрлым зардап шеккен секторларының тізбесін үкімет айқындайтын болады.




Қарау саны: 2929
Сақталған: 13.11.2020





Төрағаның блогы Әлемдегі жаңалықтар Қазақстан экономикасының оқиғалары Институттың жаңалықтары Пікір айдары National Economy: MONITOR Journal of Economy and Finance Пікір-талас клубы Сауалнама
2025
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!