Цифрлық экономика
17.11.2020
Қазақстанда 2020 жылғы 1 қазаннан бастап темекі өнімдерін міндетті таңбалау туралы Қаулы әрекет етеді. 2021 жылғы 1 сәуірден бастап таңбалау стиктерге, сигараларға, сигариллаларға, қыздырылатын темекіге, алкоголь өнімдерге қолданылады.
Тауардың әрбір партиясына сәйкестендіру құралы болып табылатын Data Matrix-код деп аталатын код берілетін болады. Бұл өндіруші немесе импорттаушы, тауар топтамасының сериялық нөмірі туралы цифрлық ақпарат және оның орын ауыстыруын бақылау үшін қажетті өзге де мәліметтер «тігілген» 29 символдан тұратын, ақ және қара жиектері бар шаршы түріндегі 7-ге 7 мм көлемдегі қолдан жасаудан қорғалған жапсырма. Кодты криптографиялық қорғаудың арқасында жалған жасау мүмкін емес. Код темекінің әр қорабына және әр блокқа қолданылады. Жөнелту кезінде өндіруші таңбаланатын өнімнің кодтары көрсетілген таңбалау кодтарын қабылдау-беру актісін қалыптастырады. Жүйеде біріктірілген қаптамалар және оларға салынған өнімдер туралы деректер көрсетілген. Егер сигареттер импортталатын болса, онда импортерге, бірыңғай операторға бірегей кодтарды алу үшін ақпараттық жүйеге қолжетімділік беріледі, ал ол таңбалау кодтарын өндірушіге беруді және/немесе өндірушінің ақпараттық жүйесінің ТТҚ АЖ-мен (тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесі) интеграциялануын қамтамасыз етеді. Бүгінгі күні таңбаланған тауарды сатуды қамтамасыз ету үшін Бірыңғай оператор бөлшек сауда нүктелерін 2D-сканерлермен жабдықтау бойынша ұсыныстар беру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 34 000 данадан астам 2D сканер сатылды, яғни 80 000 сауда нүктелерінің 42% - ы таңбаланған темекі айналымына дайын. Маркалар кодтарының шығуы БКМ фискалдық деректер операторы арқылы жүргізіледі. Бұдан басқа, таңбаланбаған темекі өнімдерінің қалдықтарын сату «Темекі бұйымдарын таңбалау қағидаларын бекіту туралы» Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі №927 бұйрығына сәйкес 2021 жылғы 1 қазанға дейін бір жыл ішінде көзделген. Темекі контрабандасы - көлеңкелі нарықтағы ең танымал тауарлардың бірі. Мамандардың бағалауы бойынша темекі нарығының «көлеңкеге» кететін айналымының 1% - ы Қазақстан қазынасына төленбеген акциздік салықтардың шамамен 1,7 миллиард теңгесіне шығындалады, бұл ретте осы пайыздың шамасы тауардың өзі бағасының және акциздің шамасының өсуіне орай жыл сайын өсіп отырады. Таза бюджеттік шығындардан басқа, «көлеңкелі» темекі тұтынушылардың денсаулығына қосымша қауіп төндіреді. Таңбалау заңсыз темекі сатуды бақылаудың тиімді құралы болады. Қазіргі уақытта Қазақстанда алкоголь өнімдерін таңбалау бойынша пилоттық жоба іске асырылуда. «Алкоголь өнімдерін таңбалау бойынша пилоттық жоба 2019 жылдың 1 маусымында басталды. Пилоттық жоба аясында кодты енгізуден бастап тауарды айналымнан шығаруға дейінгі барлық тізбек сыналды. Алкоголь өнімі бойынша міндетті таңбалауды енгізу жоспарланған күн 2021 жылдың 1 сәуірінде», - деп хабарлады «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев Үкімет отырысында.
Қарау саны: 2975 |
|
|