Цифрландыру:
18.11.2020
ҚР Үкіметінің отырысы барысында экономика секторларындағы цифрландыру нәтижелері туралы белгілі болды.
Қоғамық көлік саласында «жылжымалы құрамның 100% - ы электрондық төлем жүйесімен жабдықталған, электрондық төлем үлесі 98% - ды құрайды. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу көлеңкелі айналымнан ақша қаражатының 40% - дан астамын шығаруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ жолаушылардың биометриялық деректерін жинауға көмектесетін «Face Pay» пилоттық жобасы пысықталуда. Жүйе пандемия кезінде өзінің тиімділігін көрсетті. Жалпы, азаматтарға ыңғайлы болу үшін төлемнің алты түрі жасалды», - деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов. Оның айтуынша, геоақпараттық портал базасында сәулет және жер қатынастары саласында тағы 17 қызметті автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Бұған дейін барлық коммуналдық қызметтермен және мүдделі ұйымдармен келісу қажеттілігіне байланысты жер учаскесін сатып алу, нысаналы мақсатын өзгерту және басқа да қызметтер процесі екі аптадан 3 айға дейін созылды. Ал қазір рәсім бірнеше күнге дейін қысқарды», - деді әкім. «Сондай-ақ құрылыс – монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде құрылыс салушылар инженерлік желілер қағазда бір жерде, іс жүзінде басқа жерде болған жағдайға тап болды. Қазір мұның бәрі автоматтандырылған, бұл, әрине, жақсы нәтиже береді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және бюрократияны азайтады, тиімді мониторинг мәселелерін шешеді. Бұл жұмысты Цифрландыру және аэроғарыш қызметі министрлігімен бірлесіп әрі қарай да жүргізетін боламыз», - деп түйіндеді А. Көлгінов. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанның мамандандырылған ХҚКО-ларында қызметтерді оңтайландыру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Атап айтқанда, автомобильдерді сатып алу-сату бойынша қызметтер қазақстандық банктердің мобильді қосымшаларында қолжетімді болып келеді. «Автокөлікті тіркеу онлайн режимінде қолжетімді болғанына қарамастан, адамдар арнайы ХҚКО-ға тікелей келіп, бірнеше сағат жұмсайды. Жаңа процеске сәйкес, сатып алушы ақшаны сатып алушының шотына аударған кезде, көлік иесі бірден өзгереді», — деді Мусин, «осылайша мамандандырылған ХҚКО-ларда тек жүргізуші куәлігін беру қызметі қалады. Бұл қызмет автодромдарда емтихан тапсыруды талап етеді. Бірақ қазіргі уақытта бұл қызмет ШҚО мен Түркістанда жоқ».
Қарау саны: 2883 |
|
|