Цифрландыру

23.11.2020

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан-Ресей меморандумдарына қол қойылды.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында құрамына Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук және «Сбербанк» ЖАҚ президенті, Басқарма төрағасы Герман Греф кірген Ресей делегациясының Мемлекет басшысымен кездесуі өтті.

Қазақстан Президентіне Ресейде енгізіліп жатқан цифрлық шешімдер жобаларына, терең кешенді цифрландыру саласындағы атқарылған жұмыстарға және Sber экожүйесін пайдалану тәжірибесіне арналған интерактивті таныстырылым ұсынылды.

Таныстырылым аяқталғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Үкіметінің басшылығымен және Ресей делегациясымен экожүйелерді технологиялық дамыту және мемлекеттік қызметтерді цифрландыру сияқты бағыттар бойынша өзара іс - қимылдың перспективалары туралы әңгімелесті-екіжақты келісімдерге қол қойылды.


Қарау саны: 2961
Сақталған: 21.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!