АДБ-ның қарыз туралы келісімі

24.11.2020

Мәжілісте «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы мақұлданды.
 
908 млн 596 мың еуро көлеміндегі қарыз 2021 жылғы бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталады.

«Қарыз қаражаты Қазақстан Республикасы Үкіметінің COVID-19 пандемиясының салдарымен күрес және экономиканы қалпына келтіру жөніндегі шараларын қолдауға мүмкіндік береді. Өтеу мерзіміне қатысты қарыз екі бөлікке бөлінген. 454 млн 298 мың еуро мөлшеріндегі қарыздың бір бөлігі 3 жылдық жеңілдікті кезеңді қоса алғанда, 10 жыл мерзімге беріледі. 454 млн 298 мың еуро мөлшеріндегі қарыздың қалған бөлігі үш жылдық жеңілдікті кезеңді қоса алғанда, 5 жыл мерзімге беріледі. Сыйақы мөлшерлемесі - Еурибор+0,50%», - деп хабарлады ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжілістің жалпы отырысында.

Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге Президенттің 2020 жылғы 13 тамыздағы Жарлығына сәйкес қол қойылды.

Тартылатын қарызға қызмет көрсетуді және оны өтеуді Қаржы министрлігі Келісімде белгіленген қаржылық шарттарға сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыратын болады.

«Аталған қарыз қаражаты бюджеттің белгіленген тапшылығы жағдайында маңызды мәнге ие. Келісім тез арада күшіне енуді талап етеді, өйткені бұл қаражат АДБ - ның пандемияға қарсы күрес жөніндегі 2020 жылға арналған арнайы бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасы үшін резервке қойылған», - деп атап өтті Қаржы министрлігінің басшысы.




Қарау саны: 2936
Сақталған: 24.11.2020






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!