Экология

26.11.2020

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанның ең лас қалаларын атады.

«Атмосфералық ауаға жүргізілген экологиялық мониторингке сәйкес 2019 жылдың қорытындылары бойынша қырық бес елді мекеннің он қаласы атмосфералық ауа ластануының жоғары деңгейіне ие» Бұл Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент қалалары. Бұдан басқа, ластаушы заттар тастанымдарының үлкен көлемі Павлодар облысына тиесілі. Барлығымызды мынадай экологиялық мәселелер толғандырады. Бұл атмосфералық ауаның және жер беті суларының ластануы, қалдықтарды пайдалану жүйесінің жетілдірілмендігі, «тарихи» ластанулар және көгалдандырудың кемшілігі», - деп мәлімдеді Мырзағалиев сейсенбі күні өткен үкімет отырысында.

Мырзағалиев Парламент Мәжілісінің екінші оқылымында жаңа Экологиялық кодекс қабылданғанын еске сала кетті. Ол қоршаған ортаға әсерд айтарлықтай азайтуға бағытталған. «Алайда, жаңа Экологиялық кодекстің түбегейлі қабылдануын күтпей, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына негізделе отырып, қоғамдастықпен, әсіресе, барлық өңірлердегі экобелсенділермен экологиялық мәселелер және оларды шешу жолдары қарастырылды". Оның айтуынша, барлығы он жеті онлайн-кездесу өткізілді. Жиырма бес мыңға жуық адам қатысты. Талқылау нәтижелері бойынша қоғамдастықпен, әкімдіктермен және табиғатты пайдаланушылармен бірлесіп он жеті Жол картасы әзірленді. Бұл құжаттарда өңірлердегі экологиялық жағдайды жақсарту бойынша нақты шаралар көзделген.

Тәуелсіз сарапшылардың деректері бойынша елдің жекелеген өңірлерінің тұрғындары арасында ауаның, судың және топырақтың ластануы салдарынан аллергия, онкология, өкпе аурулары сияқты аурулардың 40%-ға өсуі байқалады. Ауаны басты ластау көзі - бұл өнеркәсіптік кәсіпорындар. Және бұл түсінікті. Қазақстанның энергетикасы 87%-ға көмірде жұмыс істейді, ал отын ретінде негізінен 45% күлден тұратын арзан екібастұз көмірі пайдаланады.

«Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсарту үшін әзірленген жол картасында жиырма іс-шара көзделген»
 Олардың негізгілері: ЖЭО-2 және ЖЭО-3 газға ауыстыру, қаланың жанында орналасқан жеке секторды газбен жабдықтау, коммуналдық қызметтердің автокөлігін және қоғамдық көлікті сығылған табиғи газға ауыстыру, дизель отынымен жүретін қоғамдық көлікке кезең-кезеңімен тыйым салу, транзиттік көліктердің келуіне/жол жүруіне шектеу енгізуді қарастыру және көгалдандыру
»,  - деп хабарлады Мағзұм Мырзағалиев.

Сондай-ақ мегаполисте жел режиміне зерттеу жүргізіліп жатыр, оны ескере отырып, сәулет қалпының қағидаларына өзгерістер енгізіледі және бас құрылыс жоспарлары түзетіледі.
 
«Іс-шараларды іске асыру нәтижесінде ластаушы заттар тастанымдарының көлемі бір жүз қырық төрт мың тоннадан жетпіс тоғыз мың тоннаға немесе қырық төрт пайызға азаяды» - деп атап кетті министр, ол сонымен қатар біздің ауаны ғана емес, жер мен суды да ластайтынымызды айтты.

Елде қатты тұрмыстық қалдықтардың пайда болу көлемі жылдан жылға өсіп отыр. Қазіргі уақытта 3,5 мың полигонда 120 млн. тоннадан астам қалдық жиналған. Сонымен қатар, барлық полигондар экологиялық және санитариялық талаптарға сәйкес келмейді.
 
Қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін ағымдағы 15%-дан 30%-ға дейін жеткізу; 24 жаңа полигон салу және бес толып кеткен полигонды жою жоспарланып отыр.

Ақтөбе, Алматы, Атырау, Нұр-Сұлтан, Тараз және Шымкен алты қаласында қоқысты өртеу жәнн одан электр энергиясын алу бойынша пилотты жоба іске асырылып жатыр. Аталған жоба елімізді алғаш рет жүргізіліп жатыр. Министрдің ойынша, осы технология салдарынан 2025 жылға қарай қалдықтарды қайта өңдеу деңгейі 30%-ға, яғни орташа еуропалық деңгейге жеткізіледі.


Қарау саны: 2928
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!