ҚМО

02.12.2020

Мемлекет басшысының машина жасау саласын дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығын құру туралы келісімге қол қойылды.

Келісімге қол қою рәсіміне Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр қатысты. Құжатқа Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ Басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев, Мұнай сервистік компаниялар одағының, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» (КПО), «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» (НКОК) және «Теңізшевройл» (ТШО) жобаларының басшылары қол қойды.

Орталық жұмысының мақсаты жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындар мен сервистік орталықтар ашу, инвестициялық қызметке жәрдемдесу жолымен Қазақстанның мұнай-газ саласы үшін тауарлар өндірісін оқшауландыру болып табылады.

Қазақстан машина жасаушылар одағының (ҚМО) Басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев бұл шешім отандық тауар өндірушілерге қосымша қолдау болатынын атап өтті. «Орталықты құру тек халықаралық мұнай-газ операторларының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ғана емес, сонымен қатар экспортқа шығуды қамтамасыз ету үшін жоғары технологиялық өнім өндіру бойынша қазақстандық мұнай-газ машина жасау өндірушілерін қолдаудағы пәрменді қадам болады, бұл Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айтылған тапсырмалармен сәйкес келеді».

Орталықты құру кезінде «Шелл» және «ЭНИ» компанияларымен құрылған ұқсас зерттеулер мен әзірлемелер орталықтарының жұмыс тәжірибесі пайдаланылатын болады.

Орталықты мұнай-газ жобаларының операторлары қаржыландырады және коммерциялық емес негізде жұмыс істейді.


Қарау саны: 2832
Сақталған: 02.12.2020






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!