Уран өндіру
03.12.2020
ҚР Мәжілісінің депутаттары «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекске уран өндіруге қатысты түзетулерді мақұлдады.
Құжат уран өндіру шарттарын реттеуге мүмкіндік береді. Жаңа қағидалар бойынша бастапқы көлемнің 30% - дан астам өсімі бар кен орны табылған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушылар бірқатар әлеуметтік міндеттемелерді орындауға міндетті болады. Дәлірек айтқанда, өңірде экономикалық жобаны жүзеге асыру. Бұл процесті арнайы уәкілетті орган бақылайды. Депутат Ирина Унжакова қазір барлық жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындар ескірген геологиялық деректер бойынша жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Сондықтан заң жобасында уран өндіру кезеңін ұзарту рәсімін реттеу, сондай-ақ қажет болған жағдайда келісімшарттық аумақ шегіндегі учаскені қосымша зерттеу жүргізу ұсынылады. «2019 жылғы 1 қаңтарда Салық кодексімен коммерциялық табу бонусын бір пайыз мөлшерінде төлеу алып тасталғаны белгілі. Қазіргі уақытта қорлардың өсуі кезінде жер қойнауын пайдаланушы бұрын өңірдің әлеуметтік мұқтаждарына пайдаланылған төлемдерді жүргізбейді. Сондықтан біз уран қорларының айтарлықтай өсуі анықталған кезде әлеуметтік міндеттемелерді енгізу әділетті деп санаймыз», - деп түсіндірді мәжілісмен. Бұдан басқа, заңнаманы уран өндірудің салдарын жою жобасымен толықтыру ұсынылады, онда барлық технологиялық объектілерді жою жөніндегі іс-шаралар қамтылуға тиіс.
Қарау саны: 2872 |
|
|