Уран өндіру

03.12.2020

ҚР Мәжілісінің депутаттары «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекске уран өндіруге қатысты түзетулерді мақұлдады.

Құжат уран өндіру шарттарын реттеуге мүмкіндік береді. Жаңа қағидалар бойынша бастапқы көлемнің 30% - дан астам өсімі бар кен орны табылған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушылар бірқатар әлеуметтік міндеттемелерді орындауға міндетті болады. Дәлірек айтқанда, өңірде экономикалық жобаны жүзеге асыру. Бұл процесті арнайы уәкілетті орган бақылайды.

Депутат Ирина Унжакова қазір барлық жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындар ескірген геологиялық деректер бойынша жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Сондықтан заң жобасында уран өндіру кезеңін ұзарту рәсімін реттеу, сондай-ақ қажет болған жағдайда келісімшарттық аумақ шегіндегі учаскені қосымша зерттеу жүргізу ұсынылады.

«2019 жылғы 1 қаңтарда Салық кодексімен коммерциялық табу бонусын бір пайыз мөлшерінде төлеу алып тасталғаны белгілі.
 Қазіргі уақытта қорлардың өсуі кезінде жер қойнауын пайдаланушы бұрын өңірдің әлеуметтік мұқтаждарына пайдаланылған төлемдерді жүргізбейді. Сондықтан біз уран қорларының айтарлықтай өсуі анықталған кезде әлеуметтік міндеттемелерді енгізу әділетті деп санаймыз
», - деп түсіндірді мәжілісмен.

Бұдан басқа, заңнаманы уран өндірудің салдарын жою жобасымен толықтыру ұсынылады, онда барлық технологиялық объектілерді жою жөніндегі іс-шаралар қамтылуға тиіс.


Қарау саны: 2953
Сақталған: 28.03.2025





Төрағаның блогы Әлемдегі жаңалықтар Қазақстан экономикасының оқиғалары Институттың жаңалықтары Пікір айдары National Economy: MONITOR Journal of Economy and Finance Пікір-талас клубы Сауалнама
2025
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!