Республикалық бюджет 2021 – 2023

04.12.2020

Мемлекет басшысы «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына қол қойды.
 
Бұған дейін (19 қараша) «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы мемлекет тыныс-тіршілігінің түрлі салаларына қатысты өзгерістер мен толықтырулар бойынша келіп түскен ұсыныстарға байланысты Мәжіліске қайтарылды.

24 қарашада Парламент 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджетті қабылдады.

Мәжіліс депутаты Татьяна Яковлеваның айтуынша, Парламент Сенаты 39 түзету енгізген. Түзетулер бюджет шығыстарының құрылымына қатысты болды.

«Республикалық бюджеттің шығыстары 2021 жылы 15,2 млрд теңгеге және 2022 жылы 4,7 млрд теңгеге Үкімет резервін қайта бөлу есебінен ұлғайтылды. Сондай - ақ, мемлекеттік органдар арасында шығыстарды 2021 жылы 22,5 млрд теңгеге, 2022 жылы - 636 млн теңгеге және 2023 жылы - 1,2 млрд теңгеге қайта бөлу жүзеге асырылды», - деп мәлімдеді депутат Татьяна Яковлева Мәжілістің жалпы отырысында.

Бұған дейін ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев бюджеттің әлеуметтік бағыты сақталғанын хабарлады. Шығыстардың жалпы көлеміндегі әлеуметтік блок шығыстарының үлесі 2021 жылы 50,5% - ды құрайды және 2023 жылға қарай 61,6% - ға дейін өседі. Жалпы, оның айтуынша, үш жылдық кезеңде әлеуметтік саланы дамытуға 22,4 трлн теңге бағытталады, оның ішінде 2021 жылы –  ағымдағы жылдың деңгейіне 401 млрд теңгеге ұлғайтумен 7,1 трлн теңге.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


Қарау саны: 2999
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!