Кәсіпкерлерді несиелендіру
11.12.2020
Ұлттық Банк Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, кәсіпкерлерді жеңілдікпен несиелендіру аясында банктерді қаржыландыру лимитін анықтады. Жаңа лимиттер қосымша бөлінген 200 млрд теңгені ескере отырып белгіленді.
Атап айтқанда, қаржы реттеушісі банктер үшін мынадай лимиттерді белгіледі: "Қазақстан Халық Банкі" АҚ – 229,3 млрд теңге, "Jysan Bank" АҚ – 13,5 млрд теңге, "Сбербанк" АҚ ЕБ – 131,3 млрд теңге, "Банк ЦентрКредит" АҚ – 93 млрд теңге, "Банк "Bank RBK" АҚ – 67,4 млрд теңге, "Нұрбанк" АҚ – 15 млрд теңге, "Еуразиялық Банк" АҚ-35,8 млрд теңге, "Альфа – Банк "ЕБ" АҚ – 39,8 млрд теңге, "Altyn Bank" АҚ – 11,7 млрд теңге, "АТФБанк" АҚ – 60,1 млрд теңге, "ForteBank" АҚ – 61 млрд теңге, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-12,1 млрд теңге. Ірі кәсіпорындарға кредит беру үшін өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету саласында төтенше жағдай енгізуден зардап шеккен қызмет түрлерінің тізбесі анықталды, ол Ұлттық Банк Төрағасы мен ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы бірлескен бұйрығымен бекітілді. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Ұлттық Банкі 2020 жылғы 27 қазандағы шешімімен төтенше жағдайды енгізуден зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі Бағдарламаны одан әрі іске асыру үшін қосымша 200 млрд теңге бөлді. Бұдан басқа, агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын ірі кәсіпорындар мен кәсіпкерлерді қамту кеңейтілді. Бағдарламаның қолданылу мерзімі 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін қоса алғанда, ақшаны игеру мерзімі 2021 жылғы 31 наурызға дейін қоса алғанда ұзартылды. Жаңа лимиттер қосымша бөлінген 200 млрд теңгені ескере отырып белгіленді.
Қарау саны: 2948 |
|
|