Шектеу шараларын күшейту

21.12.2020

Премьер-Министр Асқар Мамин ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы  баяндады. Үкімет басшысының есебіне сәйкес коронавирустық инфекциямен жаңа ауырғандардың тәуліктік өсімі 0,4% – ды, ал Қазақстан бойынша вирустың репродуктивтік көрсеткіші 0,9-ды құрайды. Инфекциялық төсек-орындардың толымдылығы – 28 %, реанимациялық төсек-орындардың толымдылығы – 20 %. Қазіргі уақытта COVID-19 таралу қарқыны бойынша "қызыл аймақта" Атырау облысы, "сары аймақта" – Қостанай, Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары, қалған барлық өңірлер "жасыл аймақта" орналасқан.

Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай бақылауда. Алайда, ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың өсу болжамдары аясында коронавирустық инфекцияның ұлғаю қаупі бар.
Осыған байланысты ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) бірқатар шешімдер қабылдады:
  • 2020 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде жаңа жылдық ертеңгіліктер мен мерекелік корпоративтерді өткізуге тыйым салынсын.
  • Эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін "Теңіз" кен орнында шектеу шаралары күшейтілсін.
  • Бөлшек сауда желісінде антиковидті дәрілік заттардың бағасын орта есеппен 24 пайызға төмендету жөнінде шаралар қабылдансын.
  • Сонымен қатар, білім беру сапасын қамтамасыз ету мақсатында, Білім және ғылым министрлігінің ұсынысы бойынша, сондай – ақ қоғамның пікірін ескере отырып, мынадай шешім қабылданды: оқу жылының III-тоқсанынан бастап бітіруші сыныптар үшін (9,11,12 сыныптар) санитариялық – эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, құрамдастырылған оқытуды (пәндердің 70 пайызы-дәстүрлі форматта, 30 пайызы-қашықтықтан) көздеу; оқу жылының III-тоқсанынан бастап оқушылардың білімдеріндегі шығындардың орнын толтыру үшін сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда жеке консультациялар ұйымдастыру; II семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындары студенттерінің құрамдастырылған оқуын қалпына келтіру.
Үкімет басшысы әкімдерге өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жағдайды тұрақтандыру мақсатында қажетті шектеу шараларын қабылдауды тапсырды.

Премьер-Министр әкімдердің назарын қоғамдық орындарды, мектептер мен балабақшаларды сапалы санитарлық өңдеу, сондай-ақ егу пункттерін вакцинациялауға дайындау қажеттігіне аударды.

Ішкі істер министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, мереке алдындағы және мереке күндері санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету тапсырылды.



Қарау саны: 2974
Сақталған: 21.12.2020






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!