"100 нақты қадам»

23.12.2020

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулиннің қатысуымен өткен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның селекторлық отырысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың "Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам" Ұлт жоспарын орындау бойынша 2020 жылғы жұмыс қорытындысы шығарылды.

Атқарылып жатқан жұмыс туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева және басқа да жауапты тұлғалар баяндады.

"Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында Ұлт жоспары мен Бес институционалдық реформа аясында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың реформаларына елеулі серпін беру қажеттігін атап өтті. Биыл айтарлықтай жұмыс жүргізіліп, жақсы нәтижелерге қол жеткізілді", — деді Премьер-Министр. Үкімет басшысы Ұлт жоспарын толық әрі сапалы жүзеге асыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыруды тапсырды. Инвестициялар тарту көлемін, бірінші кезекте, жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ететін экономиканың басым секторларындағы жаңа ірі жобаларға арттыру бойынша тармақтарға ерекше назар аударылды.

Отырыста Ұлттық комиссияның келесі жылы "Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру" және "Индустрияландыру және экономикалық өсім" бағыттары бойынша Ұлт жоспарының 10 қадамын іске асыруды көздейтін 2021 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.  

Бүгінгі таңда Ұлт жоспарының 100 қадамының 71 қадамы, оның ішінде ағымдағы жылы 9 қадамы іске асырылды.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының тәуекелдерді басқарудың қолданыстағы жүйесі де өзінің тиімділігін дәлелдеді.

Қор жоспарлы көрсеткіштерді асыра орындады. ҰӘҚ таза пайдасы 400 миллиард теңгеден асуы тиіс.

Ірі жаһандық инвесторлардың үштен бірінен астамы геосаяси тәуекелдер 2021 жылы жалпы қаржылық тұрақтылыққа үлкен әсер етеді деп санайды. Жаһандық экономикалық болжамдарға сүйене отырып, Қор келесі жылға арналған тәуекелдер картасын жасады.


Қарау саны: 3115
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!