БҰҰДБ-мен ынтымақтастық:
29.12.2020
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) цифрландыру, мемлекеттік қызметтер және инновациялар ұсыну саласындағы ынтымақтастық бойынша ниеттер туралы мәлімдемеге қол қойды.
БҰҰДБ Қазақстанға цифрландыру саласындағы жетекші халықаралық сарапшыларды тартуға қолдау көрсетеді, сондай-ақ Реинжиниринг және цифрлық трансформация орталығына 200 мың АҚШ доллары көлемінде гранттық қаржыландыруды қамтамасыз етеді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. Қазақстанның Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин БҰҰДБ-ның Қазақстандық цифлық саласын дамытуға қосқан үлесіне алғыс білдірді. «Біз бірге электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының жақсаруына, қазақстандықтардың барлық жерде Интернетке қол жетімділігіне қол жеткіземіз және нәтижесінде мемлекеттік сектордың цифрлық түрленуін жылдамдатамыз. Нәтижелер қазірдің өзінде көрініп тұр, бірақ алдымызда көп жұмыс бар», - деді министр БҰҰДБ Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Беришпен кездесу кезінде. Якуб Бериш өз кезегінде «цифрландыру басқарумен, әлеуметтік қорғаумен және жасыл экономикамен қатар, БҰҰДБ ұсынған әрекет ету бағдарламасының негізгі бағыты болып табылады деп баса айтты. Осы салалардағы бастамаларды іске асыру дағдарыстан кейінгі кезеңде әлеуметтік-экономикалық қалпына келтіруге ықпал етіп қана қоймай, сонымен қатар елдердің Тұрақты даму мақсаттарына жету жолына оралуына көмектесетінін» атап өтті. Белгілі болғандай, Қазақстанда COVID-19 пандемиясы басталғаннан бері БҰҰДБ қолдауымен орталық және жергілікті атқарушы органдардың 1000 мемлекеттік қызметшілері қашықтықтан жұмыс режимінде олардың қызметінің тиімділігін арттыру үшін негізгі цифрлық және коммуникациялық дағдыларын дамыту бойынша оқытылды. ҚР ЦДИАӨМ мен БҰҰДБ арасындағы ынтымақтастық ұлттық дамудың басымдықтарына және 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты дамудың жаһандық күн тәртібіне сәйкес Қазақстанда цифрлық трансформацияны жеделдетеді деп күтілуде.
Қарау саны: 3071 |
|
|