МӘСҚ –тен әлеуметтік төлемдер:

30.12.2020

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы»  ҚР Үкіметінің қаулысы жарияланған.

«1 қаңтардан бастап 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған мүгедектік және асыраушысынан айрылу жағдайлары бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін алынатын әлеуметтік төлемдер сомасының бес пайызына арттыру жүргізілсін» - деп құжатта айтылған.

Қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізіледі.

1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшері «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға сәйкес  7% өседі. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері 1 689 теңгеге өсіп 18 524 теңгеге дейін ұлғаяды. Зейнетақы мөлшерінің ең төменгі мөлшері 4,6 мың теңгеге ұлғайды және 43 272 теңгені құрайды.  
 
«Осы жылы Парламент қабылдаған заңдар заманауи сын-қатерлерге қарсы тұруға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен бірге Қазақстанның дағдарыстан кейінгі дамуына негіз қалайды» - деп сенім білдірді пленарлы отырыста Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нигматуллин.  

Оның айтуынша, өткен жылы депутаттық корпустың барлық жұмысы Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық міндеттерін, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамалары мен тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталды. Сонымен бірге, азаматтарды әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беруді дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, елдегі экологиялық ахуалды жақсарту мәселелері басымдыққа ие болды.

Тұтастай алғанда депутаттық корпустың жұмысы туралы айта отырып, Мәжіліс Төрағасы шақыру кезінде Парламент палаталарының 23 бірлескен отырысы, Мәжілістің 186 жалпы отырысы өткізіліп, онда 1208 мәселе қаралғанын атап өтті. Осы кезеңде Палатада 487 заң жобасы болды, оның 432-сі мақұлданды және Сенатқа жолданды. Бүгінгі таңда 391 заңға Қазақстан Президенті қол қойып, күшіне енді.

180-нен астам халықаралық шарттар мен мемлекетаралық келісімдер ратификацияланды. Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттары өздері 60 заң жобаларына бастамашылық жасады, бұл Нұрлан Нигматулиннің айтуынша, барлық алдыңғы шақырылымдарға қарағанда көбірек.

Сондай-ақ, мәжілісмендер мемлекеттік органдарға 1150 депутаттық сауал жолдап, өңірлерге 14 рет барды, онда 17 000-нан астам жиналыс өткізді, оған 1 миллион 140 мыңнан астам адам қатысқан. Сонымен қатар, азаматтардан Мәжіліс депутаттарына 23 700-ге жуық хаттар келіп түсті, олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаралған.

Мәжіліс спикері өз әріптестері мен қазақстандықтарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, отандастарын ел игілігі үшін жұмыс істеуге шақырды: «Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мен баршаны Жаңа жылмен шын жүректен құттықтағым келеді. Келесі 2021 жыл біздің барлық күткен үміттерімізді ақтасын. Келесі жыл, 2021 жыл әркім үшін жаңа жетістіктер, үлкен перспективалар жылы болсын, отбасымен және достарымен қуанышты, жарқын, жылы кездесулер үшін жомарт болсын.Әрине, коронавирус пандемиясы біздің өмірімізде белгілі бір түзетулер енгізді, бірақ бұл сөзсіз аяқталады және өмір өзінің әдеттегі қалпына келеді. Сіз бен біздің міндетіміз - еліміздің және қоғамымыздың игілігі үшін жұмыс істеу».

 
 


Қарау саны: 2985
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!