Кірістер мен шығыстардың көлемі

06.01.2021

2021 жылғаарналғанреспубликалықбюджеттіңкірістеркөлемі 11,277 трлн теңгеніқұрайды. Бұл 2020 жылға арналған бастапқы бюджеттен 626,9 млрдтеңгеге аз.

Кірістің негізгі көзі - табыс салығы. Ағымдағы жылы 6 трлн 635,6 млрд теңге кіріс қарастырылған - бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 1,1 трлн артық (алайда 2019 жылмен салыстырғанда аз). Корпоративтік табыс салығы бойынша түсімдердің көлемін 44% -ға (немесе 621,8 млрд теңгеге, 2,022 трлн. теңгеге дейін), сондай-ақ кедендік төлемдерді 70% -ға (1,442 трлн. теңгеге дейін) ұлғайту күтілуде.

Алайда трансферттер азаюы күтілуде. Егер 2020 жылдың басында Ұлттық қордан түсімдер 4,77 трлн теңге көлемінде жоспарланған болса, онда 2021 жылы небары 3,7 трлнтеңге көлемінде жоспарланған. Ішінара бұл төмендеуді облыстық бюджеттерден және республикалық маңызы бар қалалардан трансферттердің 9% - 597,8 млрд-тан 651,4 млрд теңгеге дейін өсуімен жабу жоспарланып отыр.

Салықтық емес түсімдер көлемі елеулі төмендеуі күтілуде. Егер 2020 жылға сәйкес түсімдер 976,5 млрд.теңге көлемінде жоспарланған болса, қазір бұл 3,4 есеге аз (286,4 млрд теңге).

2021 жылға арналған республикалық бюджеттің жалпы шығыстары 13,756 трлнтеңгеніқұрады.

Әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығындар 2% -ға, 3 трлн 966,9 млрд теңгеге дейін өседі, бұл 2021 жылға арналған республикалық бюджеттің ең үлкен шығыстар бабы. Қаражаттың шамамен 97% -ы «Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыруға және оларды төлемдер бойынша қолдауға» арналған.

Сондай-ақ, білім саласына инвестициялар 881,7 млрд. теңгеден 1,337 трлн теңгеге дейін немесе бір жарым еседен астамға өседі. Негізгі өсім «Сапалы мектеп білімінің қол жетімділігін қамтамасыз ету» (+310,8 млрд., 731,3 млрд. дейін), «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қол жетімділігін қамтамасыз ету» (+46,2 млрд., 72,3 млрд теңге дейін) және «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету» (+50,8 млрд., 303 млрд теңгеге дейін) сияқты шығыс баптары есебіненқамтамасыз етілді.

Ғылым дамуын қаржыландыру  40,6 млрдтеңгеден бастап 48,3 млрд теңгеге дейін өсті.

Жоғары жетістіктер спортын қаржыландыру жоспарлары 2020 жылғы 32,6 млрд.теңгеден 2021 жылғы 41,5 млрдтеңгеге ұлғайған.

Спорттағы дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу шығындары күрт (60% -дан астам) өседі - 2021 жылға жоспарланған шығындар 17 млрд теңгені құрайды.

Мәдениет және өнер саласындағы кадрларды даярлауға тағы 12,3 млрдтеңге жұмсалады.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көмек көрсетуге және оны қолдауға бағытталған қаражат көлемі - 299,5 млрд теңгеден 349,4 млрд теңгеге дейін ұлғаюда. Денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы зерттеулерді қаржыландыру 29 есеге: 232,2 млн теңгеден 6,7 млрдтеңгеге дейінөсуде. Сонымен бірге, арнайы медициналық резервті сақтау және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту құны төрт есеге - 34,3 млрд теңгеден 8,6 млрд теңгеге дейін қысқарады.

Жалпы алғанда, «Қорғаныс» функционалдық тобына арналған шығындар 651,9 млрд теңгені құрап 5%-ға өседі. Отын-энергетикалық кешенді және жер қойнауын пайдалануды қаржыландыру да осындай мөлшерге өседі - жоспарланған шығындардың жалпы сомасы 83 млрд.теңгені құрайды. Оның ішінде 42,5 млрд теңге газ көліктік жүйесін дамытуға, 23,8 млрд теңге жылу- мен электр энергиясын дамытуға бағытталады.

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы республикалық бюджеттің шығыстары үш еседен астамға - 53,2 млрд теңгеден 16,6 млрд теңгеге дейін қысқарады. Ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастарына шығындар 10% -ға төмендейді.

Өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қаржыландыру 105,5 млрд теңгеден 51,4 млрд теңгеге дейін, «Бизнестің жол картасы - 2025» 78,5 млрд теңгеден 66,2 млрд теңгеге дейін азаяды.





Қарау саны: 2959
Сақталған: 06.01.2021






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!