Әлеуметтік ұтқырлық индексі
18.01.2021
Дүниежүзілік экономикалық форум-2020 шеңберінде алғашқы жаһандық әлеуметтік ұтқырлық индексі (Global Social Mobility Index) ұсынылды. Бұл рейтингте Қазақстан Ресей мен Қытай сияқты елдерді басып озып, 38-орынды иеленді.
Әлеуметтік ұтқырлық индексі он әлеуметтік-экономикалық параметрлер негізінде қалыптастырылады: денсаулық сақтау сапасы, білім алуға қолжетімділік, білім берудің сапасы мен теңдігі, үздіксіз білім алуға арналған мүмкіндіктер, технологияларға қолжетімділік, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, жалақының әділдігі, жұмыс жағдайлары, әлеуметтік қорғалуы, қоғамдық институттардың тиімділігі мен ашықтығы. Рейтингте 82 ел ұсынылды. Қазақстан 64,8 балл жинап, Ресейден (39-орын, 64,7 балл) 0,1 баллға және Қытайдан (45-орын, 61,5 балл) 3,3 баллға озып, 38-орынды иеленді. Ең жақсы нәтижелерге (85,2) Дания қол жеткізді, екінші орында Финляндия (83,6), одан кейін Норвегия (83,6) және Швеция (83,5) орналасқан. "Еңбек жағдайлары" көрсеткіші бойынша Қазақстан 69 балмен 16-орынға ие болып, Сингапур, Австралия және Канада сияқты елдерді басып озып, топ-20 елдің қатарына енді. "Еңбекақының әділдігі" өлшемшарты бойынша Қазақстан Германия мен Ұлыбританияны артта қалдырып, 25 - ші орынға, ал "Жұмысқа орналасу мүмкіндігі" бойынша Швеция мен Канададан озып, 30-шы орынға ие болды. Қызметкерлерді ұжымдық шарттармен қамтудың 75% деңгей коэффициентімен Қазақстан 12-орынды иеленді. Білім алуға қолжетімділік бойынша рейтингте Қазақстан Португалия (36-орын) мен Италиядан (37-орын) озып, 32-орында тұр. ҚР білім беру саласындағы сапа мен теңдік бойынша 33-ші орынға ие. "Үздіксіз білім беру" өлшемшарты бойынша Қазақстанға рейтингтің 46-жолы (51 балл) берілді. Экономикалық тұрғыдан белсенді әйелдер саны бойынша Қазақстан айтарлықтай жоғары орынға ие болды - 22 орын. Жоғары білімді адамдар арасындағы жұмыссыздық деңгейі бойынша Қазақстан 33-орында орналасқан, одан кейін Ирландия, Жаңа Зеландия және Дания тұр. ДЭФ баяндамасында атап өтілгендей, егер елдер рейтингтен өзінің әлеуметтік ұтқырлық индексін 10 балға арттырса, бұл 2030 жылға қарай ЖІӨ-нің қосымша 4,4% - ға өсуіне әкеледі.
Қарау саны: 3132 |
|
|