Тағайындау: Әсет Ерғалиев
19.01.2021
Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы» Жарлығына сәйкес Әсет Арманұлы Ерғалиев ҚР Ұлттық экономика министрі қызметіне тағайындалды.
Әсет Ерғалиев тағайындалғанға дейін ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып жұмыс істеді. Ол министр лауазымында Руслан Дәленовты алмастырды. Әсет Ерғалиев 1986 жылы Қостанай қаласында дүниеге келген. 2008 жылы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжамдау институтын, сондай - ақ Швециядағы Халықаралық бизнес мектебін, 2009 жылы - Йорк Университетін және 2010 жылы-Ноттингем университетін бітірген. Мамандығы бойынша экономист. Еңбек жолын 2010 жылғы қыркүйекте Лондондағы Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің экономикалық департаментінде Шығыс Еуропа және Кавказ бойынша экономикалық саясаттың өңірлік талдаушысы ретінде бастады. Содан кейін 2011 жылдың қазан айынан бастап Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі департаментінің бас өңірлік талдаушысы болды. 2013 жылы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Кәсіпкерлікті дамыту орталығының директоры болып тағайындалды. Әсет Ирғалиев Институтта вице-президент, басқарма төрағасының орынбасары, 2016 жылдың басына дейін Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, сондай-ақ «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасы болып қызмет атқарды. 2016 жылғы қазан айынан бастап «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды, ал 2016 жылғы желтоқсанда ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды. 2017-2018 жылдар аралығында ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Жобалық басқару орталығының меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2018 жылғы қыркүйектен 2019 жылғы наурызға дейін-ҚР Ұлттық экономика вице-министрі. Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. 2019 жылдың тамыз айынан бастап ол Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі лауазымын атқарды.
Қарау саны: 3224 |
|
|