МӘМС көрсеткіштері

21.01.2021

Міндетті медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне жарналар мен аударымдар түрінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 2020 жылы 550,4 млрд теңге түсті. 2017 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін қорға 798 млрд теңге түсті.

"Форс-мажорлық жағдайларға қарамастан, МӘМС іске асырудың бірінші жылының қорытындылары медициналық сақтандыру жүйесінің толыққанды жұмыс істегенін көрсетеді. Ол денсаулық сақтау жүйесіне 500 млрд теңгеден астам қаржы құюға мүмкіндік берді. Осы қаражат есебінен медициналық қызметтер көлемі айтарлықтай артты - тар шеңберлі мамандардың консультациялары, диагностика, тексеру, күндізгі стационарлар қызметтері. Ақырында, медициналық оңалтуға, оның ішінде постковидті синдромы бар науқастар үшін қолжетімділік пайда болды", - деп хабарлады 20 қаңтар, сәрсенбі күні онлайн-брифингте Қордың Басқарма төрағасы Болат Төкежанов.

Қордың деректеріне сәйкес, өткен жылы медициналық қызметтерді сатып алу жоспары 1,807 трлн теңгені құрап, 2019 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артты. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (ТМККК) қаржыландыру – 1,2 трлн теңгені, МӘМС – 569 млрд теңгені құрады. 

Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметкерлеріне үстемақыға 110,9 млрд теңге; медициналық көмекке және КВИ таралуын болдырмау жөніндегі қызметтерге – 53,9 млрд теңге, провизорлық, карантиндік және инфекциялық стационарларға 384 мың адам емдеуге жатқызылды және емделді; ПТР диагностика қызметтеріне – 19,7 млрд теңге, 1,9 млн-нан астам ПТР – тест жүргізілді; мобильді бригадалардың шығуларына-3,2 млрд теңге, 550 мыңға жуық шығулар жүргізілді. 

Төкежановтың айтуынша, МӘМС жүйесіне қатысушылардың саны бірінші жыл ішінде 1 млн адамға артты: 2020 жылғы қаңтардағы 14,9 млн адамнан осы жылғы қаңтарда 15,9 млн адамға дейін. 

Желтоқсан айының басында қор 2021 жылға арналған ТМККК және МӘМС топтамалары бойынша медициналық қызметтердің негізгі көлемін сатып алуды жариялады. 

 "Негізгі сатып алу сомасы шамамен 1,5 трлн теңгені құрады. Біз бұл соманың жыл соңына дейін орта есеппен 20% - ға өсуін болжап отырмыз", - деп хабарлады медициналық сақтандыру қорының басшысы.


Қарау саны: 3125
Сақталған: 21.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!