Үкіметтегі жаңа тағайындаулар

21.07.2020

Бағдат Мусин цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі болып тағайындалды. Әсел Жанасова ҚР сауда және интеграция вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Премьер-министр Асқар Мамин үкімет қаулысымен тағайындалған, уақытша министр міндеттерін атқаратын бірінші вице-министр Бағдат Мусинді Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұжымына таныстырды.

Бұрын бұл қызметтен Асқар Жұмағалиев босатылды. "Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылды", - делінген Премьер-Министрдің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Үкімет сондай-ақ Әсел Жанасованы ҚР сауда және интеграция вице-министрі лауазымына тағайындау туралы хабарлады.

Анықтама:

Мусин Бағдат Батырбекұлы 1983 жылы 3 наурызда Павлодар облысының Екібастұз қаласында дүниеге келген. Сулейман Демирель атындағы Университетті "инженер-жүйе технигі" мамандығы бойынша, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын "заңгер" мамандығы бойынша аяқтаған.

Жанасова Әсел Жұбанышқызы 1987 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2010 жылы ҚР Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша Кембридж университетін, 2014 жылы — Кембридж университетінің магистратурасын. М. Ломоносов атындағы ММУ "Executive Management" бағдарламасы бойынша аяқтаған.


Қарау саны: 3253
Сақталған: 22.07.2020





Төрағаның блогы Әлемдегі жаңалықтар Қазақстан экономикасының оқиғалары Институттың жаңалықтары Пікір айдары National Economy: MONITOR Journal of Economy and Finance Пікір-талас клубы Сауалнама
2025
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!