Үкіметтегі жаңа тағайындаулар
21.07.2020
Бағдат Мусин цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі болып тағайындалды. Әсел Жанасова ҚР сауда және интеграция вице-министрі қызметіне тағайындалды. Премьер-министр Асқар Мамин үкімет қаулысымен тағайындалған, уақытша министр міндеттерін атқаратын бірінші вице-министр Бағдат Мусинді Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұжымына таныстырды. Бұрын бұл қызметтен Асқар Жұмағалиев босатылды. "Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылды", - делінген Премьер-Министрдің баспасөз қызметінің хабарламасында. Үкімет сондай-ақ Әсел Жанасованы ҚР сауда және интеграция вице-министрі лауазымына тағайындау туралы хабарлады. Анықтама: Мусин Бағдат Батырбекұлы 1983 жылы 3 наурызда Павлодар облысының Екібастұз қаласында дүниеге келген. Сулейман Демирель атындағы Университетті "инженер-жүйе технигі" мамандығы бойынша, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын "заңгер" мамандығы бойынша аяқтаған. Жанасова Әсел Жұбанышқызы 1987 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2010 жылы ҚР Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша Кембридж университетін, 2014 жылы — Кембридж университетінің магистратурасын. М. Ломоносов атындағы ММУ "Executive Management" бағдарламасы бойынша аяқтаған.
Қарау саны: 3101 |
|
|