Global Go To Think Tank Index

29.01.2021

2021 жылғы 28 қаңтарда Вашингтон қ. Пенсильвания университеті дайындаған "Global Go To Think Tank index Report 2020" талдамалық орталықтардың жыл сайынғы әлемдік рейтингі ұсынылды.
 
Рейтингті құрастырушылар бүкіл әлемнің 11 мыңнан астам талдамалық орталықтарын талдады, олардың ішінде 174 "ой-талқы орталығы" жалпы әлемдік рейтингке енгізілді.

Қазақстандық Экономикалық зерттеулер институты (ЭЗИ) Орталық Азия өңірінің 58 талдамалық орталығы арасында алтыншы орынға ие болды.

Қазақстаннан рейтингке жоғары оқу орындарын, баспа және электрондық БАҚ, ғылыми орта, үкіметтік емес ұйымдарды қоса алғанда, 10 сараптамалық ұйым кірді. Рейтинг деректері бойынша ҚР-да 43 зерттеу ұйымы бар.

The Global Go To Think Tanks Index зерттеу орталықтарының рейтингі халықаралық бағыттағы талдамалық орталықтардың сапасы мен ықпалдылығының ең беделді өлшемдерінің бірі болып саналады. Оны қалыптастырудың міндетті өлшемшарты мемлекеттік саясатқа және халықаралық-саяси мәселелер бойынша қоғамдық және кәсіби пікірталастарға айтарлықтай әсер ететін қолданбалы талдамалық сараптамаға белгілі бір институттың қатысуы болып табылады.
 
ЭЗИ екінші жыл қатарынан Think Tank Index-те 6-шы орынға ие.

Анықтамалық: Экономикалық зерттеулер институты 1961 жылы құрылған Қазақстан экономикасын кешенді дамыту проблемаларын зерттейтін мемлекеттік жетекші институт болып табылады.

Экономикалық зерттеулер институтының қызметі елдің экономикалық стратегиясын іске асыру барысын ғылыми қамтамасыз етуге, экономиканың жай-күйін талдауға және оның перспективаға дамуын болжауға, тұрақты экономикалық өсуге, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға жәрдемдесуге бағытталған.

Институт соңғы 59 жыл ішінде жинақталған кең экономикалық болжаммен, сондай-ақ өзінің стратегиялық әзірлемелері мен зерттеулерімен жоғары бағаланады.





Қарау саны: 2992
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!