Салық заңнамасы
04.02.2021
Қазақстанда салықтық рақымшылықтың қорытындысы шығарылды. Миллионнан астам азаматтарға 2 млрд теңге қарыз есептен шығарылды.
Жыл қорытындысы бойынша салықтық рақымшылықты 1 057 764 азамат пайдаланды, олар 14 849 385 721 теңге (68%) мөлшерінде негізгі борыш сомасын төледі және 2 050 503 348 теңге (48%) сомасында өсімпұл есептен шығарылды. Жеке тұлғалардың мүлік, жер және көлік құралдары салығы бойынша негізгі борыш сомасын төлеуі өсімпұлды есептен шығарудың басты шарты болды. Салықтық рақымшылық 2020 жылғы 2 шілдедегі ҚР Заңына сәйкес жүргізілді. Елімізде жергілікті өзін-өзі басқару бойынша жобаны іске асыру жалғасуда. Құжат аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің кіріс базасын кеңейтеді. Осылайша, салықтың төрт түрі жергілікті өзін-өзі басқаруға беріледі. Жергілікті өзін-өзі басқару туралы Заңға сәйкес, бірінші кезекте ақша жіберілетін шешімдер Ауыл тұрғындарының жиналысында қабылданады. Жаңа заң жобасымен әкімдер аппараттарына өз бюджеттерін 20% - дан аспайтын көлемде түзетуге мүмкіндік беріледі, бюджеттерді бекіту рәсімі оңайлатылады, сондай-ақ өз түсімдері көлемінің 10% - нан аспайтын мөлшерде ауылдық бюджет резервін құру көзделеді. "Азаматтық бақылау – чекті талап ет" жобасы іске асырылуда, ол азаматтық қоғамды кірістерді жасыратын азаматтарға қатысты нөлдік төзімділік танытуға тартуға бағытталған. Сондай-ақ, 2021 жылдың басынан бастап "Виртуалды қойма" модулінде рәсімделетін тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу бойынша жоба басталды. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, дүкендердегі чектердің берілмегені туралы хабарламалар үшін қазақстандықтарға 4,5 миллион теңге төленген.
Қарау саны: 2728 |
|
|