Жаңа шындыққа серпіліс

05.02.2021

Мемлекет басшысы "Digital Almaty 2021 – Цифрлық қайта жүктеу: жаңа шындыққа серпіліс" халықаралық форумында бейне үндеу жасады.

Президент мемлекеттік қызметтердің 90% - дан астамы электронды форматта көрсетілетінін атап өтті. Дағдарыс кезеңінде 6,5 миллионға жуық азамат цифрлық жүйелер арқылы мемлекеттің қолдауына ие болды.

"Біз болашақтың технологиялар мен инновациялардан тұратынын жақсы түсінеміз. Бұл бағыттағы бәсекелестік өте жоғары. Талдамашылардың пікірінше, 2021 жылы сымсыз желілердің, ықшам есептеу жүйелерінің жасанды интеллектін дамытуға бағытталған техникалық, технологиялық және бағдарламалық шешімдер нарығы 35% - ға өсіп, шамамен 12 миллиард долларды құрайды. 2025 жылға қарай 5G технологиясы кәсіпорындарға өз деректерінің 70% - на дейін бұлтты өңдеуді жүргізуге мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда бізге тәсілдерді үйлестіру және осы саладағы қызметтің жалпы үйлесімі қажет", - деді Президент.

Ағымдағы жылы салық саласында блокчейн технологиясын енгізу басталады.

"Қазақстанның салық органдары цифрландырудың барлық мәселелері бойынша ресейлік әріптестерімен тиімді өзара іс-қимыл орнатқаны қуантады.
 Цифрландыру дәрілік заттарды бөлудің ұлттық жүйесіне де әсер етеді. Барлық базалық құжаттарды электрондық форматта заңды түрде тану қамтамасыз етіледі, дербес деректерді қорғау жетілдіріледі
", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Форумның пленарлық сессиясында сөйлеген сөзінде ҚР Премьер-Министрі пандемия жағдайында Қазақстан экономикасы тұрақтылықтың жоғары деңгейін көрсеткенін, бұл айтарлықтай дәрежеде мемлекеттік және жеке меншік секторлардың барлық салаларына цифрлық шешімдердің енуінің өсуіне байланысты екенін атап өтті.

"Айқын шектеулерге қарамастан, біз цифрлық инфрақұрылымның қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша жұмысты жеделдеттік. 2020 жылы 20 мың талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысы бойынша МЖӘ жобасы аяқталды. 1 000-нан астам ұтқыр байланыс базалық станциясы орнатылды, бұл өңірлердегі технологиялық теңсіздік деңгейін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде Қазақстан халқын интернетпен қамту бүгінде 99% — ды құрайды", - деді Мамин.

Үкімет басшысы ҚР азаматтары үшін тұлғаның биометриясы бойынша қашықтықтан сәйкестендіру арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қашықтықтан алу мүмкіндігі іске асырылғанын атап өтті. Бұлтты құжат айналымы, мобильді жұмыс орны, кадрлық әкімшілендіруге және әлеуметтік төлемдерге онлайн тәсілдер сияқты жобалар белсенді енгізілуде. Онлайн форматта қолжетімді болатын мемлекеттік қызметтердің үлесі 93% - ға дейін жеткізілді. Нәтижесінде, 2020 жылы Қазақстан электрондық үкіметті дамыту деңгейі бойынша БҰҰ рейтингінде 193 елдің арасында 10 позицияға көтеріліп, 29-орынға ие болды.

Бөлшек сауда құрылымындағы электрондық сауда көлемі өткен жылы 3 есеге жуық — 3,8% - дан 9,7% - ға дейін өсті. Халықтың қолма-қол ақшасыз операцияларының көлемі 2,5 есеге, 14,1 трлн теңгеден 35,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы жылды мемлекетіміздің тиімді цифрландыру белгісімен өткізуді тапсырды. Қазірдің өзінде біз "ауқымды деректер" қағидаттарын мемлекеттік органдардың жұмысына терең интеграциялау бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. "Data-driven government" тұжырымдамасы шеңберінде деректерді жинау және өңдеу әзірлеуден бастап тиімділік мониторингіне дейінгі барлық кезеңдерде мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру факторына айналады", — деді А. Мамин. Премьер-Министр цифрлық инфрақұрылымды дамыту аясында алдағы 5 жыл ішінде ҚР барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалары 5G-мен қамтамасыз етілетінін атап өтті.

Деректерді өңдеу және сақтау саласына инвестициялар 6 есеге артады (82 млрд теңгеден 500 млрд теңгеге дейін). Электрондық сауданың үлесі 2 есе ұлғайтылатын болады.

"Цифрлық салада бизнесті қолдау шараларының арқасында 1000-нан астам инновациялық компания құрылады, бұл АКТ экспорты көлемінің 25 еседен астам өсуіне әкеледі. IT-саласында шамамен 100 мың жаңа жұмыс орны құрылады, бұл сыни массаны қалыптастыруға және экономиканың барлық салаларында мультипликативтік әсерлерді іске қосуға көмектеседі", — деп түйіндеді Премьер-Министр.


Қарау саны: 2808
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!