Жаңғыртылатын энергия көздері
09.02.2021
2050 жылға қарай жалпы энергия тұтынудың кем дегенде жартысы жаңғыртылатын және баламалы энергия көздеріне тиесілі болуға тиіс. Ағымдағы жылы Қазақстанда 23 ЖЭК нысаны пайдалануға беріледі.
ЖЭК секторын одан әрі дамыту үшін Энергетика министрлігі мүдделі тараптармен бірлесіп мынадай бағыттар бойынша жұмыс жүргізетін болады:
«2020 жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі үш пайыздық үлес толығымен қамтамасыз етілді. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында мынадай мақсаттар қойылған: электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі жаңғыртылатын энергетика үлесін 2025 жылы 6% – ға дейін жеткізу; 2030 жылға қарай-10%; 2050 жылға қарай жаңғыртылатын және баламалы энергия көздеріне жиынтық энергия тұтынудың кемінде жартысы келуге тиіс. Жасалған жағдайлардың арқасында жаңғыртылатын энергия тұрақты өсуде. Соңғы алты жылда ЖЭК нысандарының белгіленген қуаты 10 есеге жуық – 2014 жылғы 178 МВт-тан 2020 жылы 1635 МВт – қа дейін өсті», - деді ол Үкімет отырысында. Қазіргі уақытта, министрдің айтуынша, республикада белгіленген қуаты 1685 МВт болатын 116 ЖЭК нысаны жұмыс істейді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша жасыл энергетика өндірісі 3,24 млрд кВтс құрады. Ағымдағы жылы қуаты 381,1 МВт болатын 23 ЖЭК объектісі (5 СЭС, 5 КЭС, 13 ЖЭС) пайдалануға беріледі. Ноғаев «Қазақстанда жаңғыртылатын энергия көздері нарығын дамыту энергетиканы әртараптандыру және тұрақты даму мақсатында жалғасатын болады. Жаңғыртылатын энергия көздерін дамытудың бірінші кезеңін табысты аяқтап, келесі кезең осы саладағы мүдделі тараптарды, оның ішінде ғалымдар мен инженерлерді тарта отырып, жүйелі негізде «жасыл» энергетиканы серпінді дамытуға бағытталатынын атап өткім келеді» деген болатын. ЖЭК жобалары үшін 2018-2020 жылдары жиынтық қуаты 1,5 ГВт электрондық форматта халықаралық аукциондық сауда-саттық өткізілді. 3 жыл ішінде 25 аукцион сәтті өтті. Сауда-саттыққа Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия, Германия, Франция, Болгария, Италия, Біріккен Араб Әмірліктері, Нидерланды, Малайзия, Испания сияқты 12 елден 172 компания қатысты. Аукциондар жүйесі «жасыл» энергетика бағасының айтарлықтай төмендеуіне қол жеткізуге мүмкіндік берді. Жекелеген жобалар бойынша тарифтердің барынша төмендеуі күн электр станциялары үшін – 64%, жел электр станциялары үшін – 30% және су электр станциялары үшін – 19% құрады. Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша 58 компания 1219 МВт жиынтық қуатына 15 жылға ЖЭК электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен (ҚЕО) келісімшартқа қол қойды. Қаржы-есеп айырысу орталығы жұмыс істеген сәттен бастап жаңғыртылатын энергетика секторына шамамен 626 млрд.теңге тартылды және салынған объектілерден шамамен 81 млрд. теңге салық түрінде төленеді.
Қарау саны: 2926 |
|
|