Экономикалық теңдікке жәрдемдесу

11.02.2021

Азия даму банкі (АДБ) 9 ақпанда KASE-ге Қазақстандағы алғашқы гендерлік облигацияларды орналастыра отырып, шамамен 8,4 млрд теңге (шамамен $20 млн) тартты. Бұл туралы даму банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Гендерлік облигациялар әйелдердің алға жылжуына, мүмкіндіктері мен теңдігіне ықпал ететін облигациялар ретінде анықталатынын атап кеткен жөн.

Он жылдық облигациялар бойынша (XS2294363416) 10,15% ставкасы бар жартыжылдық купон төленетін болады. Сатып алушылар қазақстандық институционалдық инвесторлар болды.
 
АДБ атап өткендей, бұл облигациялар Қазақстандағы көпжақты даму банкі орналастырған жергілікті валютадағы ең ұзақ мерзімді облигациялар түріндегі жаңа бенчмарканы белгілейді.

Тартылған қаражат негізінен өңірлерде қарыз алушы әйелдер үшін қолжетімді тұрғын үй ипотекалық кредит беру бөлігінде кредиттік операцияларды кеңейтуге бағытталған 38 миллиард теңге сомасына "Тұрғын үйді қаржыландыруда гендерлік теңдікке жәрдемдесу" жобасын қаржыландыру үшін пайдаланылатын болады. АДБ қарызы "Отбасы банк" АҚ-ның алғашқы сыртқы қарыз алуы болып табылады, оның кепілі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі болып табылады.

Облигациялар сауда-саттыққа шығарылды және Қазақстан қор биржасында тіркелді, бұл ретте өтінімдер саны ұсыныстан асып түсті.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың қараша айында АДБ KASE-де алғашқы жасыл еуробондтарды орналастырды. Банк еурооблигациялардың екі шығарылымын орналастыра отырып, биржаға шамамен 14 млрд теңге ($32 млн) тартты. АДБ тартылған қаражатты Қазақстандағы климаттың өзгеруіне бейімделу және оның салдарын жұмсарту жөніндегі жобаларды қаржыландыруға жіберді.

 


Қарау саны: 2852
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!