Nur Otan партиясының бағдарламасы
15.02.2021
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бейнеконференция байланысы режимінде ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы, фракция жетекшісі Нұрлан Нығматулин өткізген «Nur Otan» партиясы фракциясының отырысына қатысты. «Nur Otan» партиясының төрағасы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» партиясыныі сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол картасы әзірленді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды бағдарламаның уақытылы және тиімді орындалуы бойынша шаралар қабылдауды тапсырды», - деді Мамин құжатты депутаттарға ұсына отырып. Жол картасы Сайлауалды бағдарламаның төрт бағытын іске асыру бойынша 362 іс-шараны қамтиды: «Баршаға тең мүмкіндік», «Зияткер, саламатты және ыждағатты ұлт», «Экономика мен өңірлердің тұрақты дамуы», «Халыққа есеп беретін мемлекет және жауапты азаматтар». Мыналар іске асырылатын болады:
Жекелеген салалар бойынша жол карталары өзгерістерді басқару бойынша салалық менеджерлердің ұсыныстарын қарау нәтижелері бойынша әзірленгенін атап кеткен жөн. «Ел үміті» жобасының белсенділері экономиканы дамыту бойынша 150-ден астам бастама дайындады. «Салалық менеджерлердің әрбір ұсынысын тиісті мемлекеттік органдар егжей-тегжейлі қарады. Әр сала бойынша «Жол карталары» әзірленді. Енді біздің басты міндетіміз-олардың практикалық іске асырылуын қамтамасыз ету. Міндеттердің басым бөлігі осы жылдың соңына дейін орындалуы тиіс, бұл өте маңызды. Ең бастысы-нәтижелерді көруге болады. Ұсынылған бастамаларды іске асыру Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары шеңберінде қалыптастырған жоспарларға қол жеткізудің маңызды факторына айналатынына сенімдімін» - деді Асқар Мамин 12 ақпанда Салалық менеджерлерді даярлау бағдарламасына қатысушылардың форумы барысында. Өзгерістерді басқару жөніндегі салалық менеджерлерді даярлау бағдарламасын Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен ҚР Үкіметінің жобалық кеңсесінің өкілдері іске асырды. Конкурс қорытындысы бойынша 234 сарапшы іріктелді. Олардың барлығының, оның ішінде жетекші ұлттық және шетелдік ұйымдарда үлкен практикалық жұмыс тәжірибесі бар. Бағдарламаға менторлар ретінде 64 маман қатысты, олар Қазақстан, АҚШ және Еуропа елдерінің мемлекеттік және жеке секторының өкілдері болып табылады.
Қарау саны: 2942 |
|
|